You are here

ЖОЛ АПАТЫН ҚАЛАЙ АЗАЙТАМЫЗ?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы үш жылдың ішіндегі статистикалық деректер динамикасы жолкөлік оқиғалары (ЖКО) салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер санының күрт өскендігін көрсетіп отыр.

Республика бойынша жол апаты көрсеткішінің жалпы мәліметі мынандай: 2010 жылы – 12008 ЖКО орын алып, 13878 адам жарақат алған, қаза болғаны – 2797. 2011 жылы – 12019 ЖКО, 14000 адам жарақаттанған, қаза болғаны – 2707. 2012 жылы – 14168 ЖКО, 11951 адам жарақат алған, қаза болғаны – 3022. Ал биылғы жылдың 9 айында – 15397 ЖКО орын алды, 19964 адам жарақат алған, қаза болғаны – 2138. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік органдарды ғана емес, бүкіл қоғамды қатты алаңдатып отыр. Осыған байланысты Бас прокуратура ЖКО санының артуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларға талдау жасап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

ЖКО салдарынан қаза болғандар санының өсу себептерін талдау нәтижесіне қарағанда, олардың саны соңғы жылдары күрт өскендігін байқауға болады. Бұл оларды есепке алу тәртібінің өзгеруіне байланысты. Бұған дейін «қаза болғандар» ретінде ЖКО салдарынан 7 тәулік ішінде қайтыс болған адамдар есепке алынатын. Жаңа талаптар бойынша бұл мерзім 30 тәулікке дейін ұзартылды. Екіншіден, 2010 және 2011 жылдарға кел­тірілген статистикалық деректерді жол полициясы органдары қалыптастырған, ал 2012 жылдан бастап оларды есепке алу­ды Бас прокуратура жүргізетін болды. ЖКО есепке алу функциясын жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапты органның құзыретінен алып қою шынайы статистикалық есеп жүргізуге мүмкіндік берді. Осыдан бастап ЖКО көрсеткіштері өсе бастады. Шын мәнінде, жол апаттары да, одан зардап шеккендердің саны да жарияланып жүрген шамадан көбірек екен.

– Бас прокуратура  тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың қолданылуына үнемі тексерулер жүргізілуде. Тексеріс нәтижелері ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды өз дәрежесінде атқармайтынын куәландырып отыр, – дейді Бас прокуратураның Әлеуметтік саладағы заңдылыққа қадағалау жасау жөніндегі бөлімінің бастығы Азамат Дүйсембеков. – Үстіміздегі жылы арты өлім-жітімге әкеп соқтырған ЖКО туралы статистикалық деректерді талдай отырып, олардың орын алуының себептерін анықтауға тырыстық. Талдау нәтижелерінің көрінісі мынандай: республика бойынша 864 адам (тіркелген барлық жол апаттарындағы өлімжітімнің 40 пайызы) қаза болған 12185 ЖКО (79,1 пайыз) елді мекендерде орын алған. Елді мекендерден тыс жерлерде тек 3227 ЖКО (20,9%) орын алып, 1264 адамның (59,1%) қаза болуына әкеп соқтырған. Осылайша елді мекендерден тыс жерлерде орын алған апаттардың 40 пайызы қайғылы жағдайға әкелген. Қарсы жолға шығып кету нәтижесінде (елді мекендерден тыс жерлер­дегі ЖКО) 1238 ЖКО (8%) орын алып, онда 459 адам (21,4%) көз жұмды. Осыны ескере отырып, жолдарда өлімжітімді азайту үшін ең алдымен елді мекендерден тыс жерлердегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұған 4 және одан да көп қозғалыс жолдары бар автожолдар енгізу, қозғалыс бағыттарын тосқауылдарымен бөлу, айналмалы қозғалыс қиылыстарын «жандандыру» арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, «Астана – Бурабай» автомагистралін пайдалануға бергеннен кейін аталған учаскеде апаттар саны 2 есеге дейін азайды. Қаза болғандар саны 17 есе төмендеді. Қазіргі таңда елімізде осындай бірнеше автомагистральдар салынып жатыр. Алайда жол полициясы органдары аса апатты учаскелерді анықтап, олардағы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.

Бас прокуратура жол апаттарына себеп болатын Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтарға да талдау жасаған. Олардың ішіндегі ең негізгісі және ең қауіптісі – жылдамдықты асыру деп танылды. Үстіміздегі жылы осындай себептен 3699 ЖКО орын алып, онда 822 адам қаза болыпты. Жылдамдықты асырудан қаза тапқандар саны көрсеткіш бойынша ең жоғары тұр. Одан кейін мас жүргізушілердің апатты жағдайларға ұшырауынан көп адамдар қайтыс болады екен. Алкогольден және есірткіден мас күйінде 666 ЖКО орын алып, 51 адамның көз жұмуына себеп болды.

Бас прокуратураның бөлім бастығы Азамат Дүйсембековтің айтуынша, қайғылы жағдайлармен аяқталған ЖКО орын алуының тағы бір аса маңызды себебі шаршау, көлік тізгінінде ұйықтап кету болып табылады. Биыл осындай жауапсыздықтың салдарынан 48 адам қаза болған. Тексеру нәтижесі жүргізушілер арасында еңбек және демалыс режимін бұзушылықтың кең та­ралғандығын көрсетіп отыр. Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды пайдалану ережелерінде тұрақты бағыттарда жүргізушілердің күнделікті көлік құралдарын басқару ұзақтығы 9 сағаттан аспауы тиіс екендігі көзделген. Осыған байланысты жүргізушілердің еңбек және демалыс режимдерін бұзғандығы үшін олар жұмыс істейтін ұйымдардың міндетті жауап­кершілігін енгізу ұсынылды. Бұл жұмыс берушіден заңнаманы сақтау бойынша нақты шаралар қабылдауын талап етеді.

Прокуратуралық тексерулерге қарағанда, жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі заң бұзушылықтар әлі де орын алуда. Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігін беру фактілері жыл сайын анықталып отыр. Бұл ретте Жол полициясы комитетінің өзі 2012 жылы 30 жүргізуші куәлігін медициналық анықтамасы жоқ адамдарға берген. Оқыту сапасын қамтамасыз ету және жүргізуші куәліктерін беру рәсімін сақтау да жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

– Осы айтылғандармен қоса, көбінесе статистикалық көрсеткіштерде көрсетіле бермейтін ЖКО өзге де себептерін атап көрсеткен жөн. Қазақстан Үкіметі 2012 жылдың 12 ақпанында қабылдаған «Көлік құралдары­ның жүргізушілерін даярлау қағидасын бекіту туралы» қаулысы жүргізушілерді даярлауға және оқуматериалдық базаға қойылатын біркелкі талаптарды бі­рың­ғайландыруға және енгізуге мүмкіндік берді. Жеделдетілген курстар мен өз бетінше дайындықты алып тастау, әрине, жүргізушілерді даярлау сапасына да әсер етеді. Оның үстіне жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі заң бұзушылықтар әлі де орын алуда. Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігін беру фактілері жыл сайын анықталып отыр. Бұл ретте Жол полициясы комитетінің өзі 2012 жылы 30 жүргізуші куәлігін медициналық анықтамасы жоқ адамдарға бергенін айтуға болады. Сондай-ақ ІІМ Жол полициясы комитеті көлік құралдарын басқару құқығына теориялық және практикалық емтихандар қабылдайтын сынақ тапсыру комиссиясын құрмаған. Осыған байланысты емтихандарды бұған уәкілетті емес лауазымды тұлғалар қабылдаған. Оның үстіне 17 жүргізуші куәлігі практикалық емтихан өткізілмей берілген. Оқыту сапасын қамтамасыз ету және жүргізуші куәліктерін беру рәсімін сақтау жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Бағдаршамдардың, жол белгілерінің болмауы, жаяу жүргінші жолдарының салынбауы – республиканың барлық өңірлеріне тән жағдай. Бұл жолдардың мұндай бөліктерін анықтауға міндетті Жол полициясы органдарының әрекетсіздігінен, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға міндетті жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде шаралар қабылдамауынан болып отыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Таранов ауданының әкімі жол полициясы органдарының жазбаша үкімінде көрсетілген 92 жол белгісінің 6-ауын ғана орнатқан. Жолаушылар мен жүк тасымалдау бойынша «жабайы нарық» проблемасы әлі күнге дейін шешілмей келеді. Астана прокуратурасының өзі бір аптаның ішінде рұқсат құ­жаттары жоқ тұрақты емес жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың 28 фактісін анықтаған. Аталған проблеманы шешуге ЖҚЕ бұзушылықтарды рәсімдеу тәртібін реттеу ықпал етеді деп санаймыз. Жол полициясы қыз­меткерлерінің іс-әрекеттерін, оның ішінде жүргізушінің өзі де бейнеге түсіруі белгілі бір деңгейде олардың заңсыз іс әрекеттеріне тосқауыл қоюға мүмкіндік туғызады. Біздің ойымызша, Жол полициясы қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін күшейтіп, сапалы қызметтік тексерулер жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар қоғамда қалыптасқан жол сақшысының жағымсыз имиджі қызмет атқару тәртібін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Бұл ретте Жол полициясы қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруы жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Осындай жоғарыда айтылған мәселелерді ескеріп, бұған дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнама кешенді түрде реформаланбағанын назарға ала отырып, Ішкі істер министрлігіне бірлесіп ұсыныстар әзірлеу және оларды жүйелі деңгейде және ұзақ мерзімді түрде әрі қарай іске асыру үшін жұмыс тобын құруды тапсыру ұсынылды, – дейді Бас прокуратураның Әлеуметтік саладағы заңдылыққа қадағалау жасау жөніндегі бөлімінің бас­тығы Азамат Дүйсембеков.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.