Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев «Прокурорлар және заң үстемдігі» тақырыбындағы 18 Жыл сайынғы Прокурорлардың халықаралық қауымдастығы (ПХҚ) конференциясының және Жалпы жиналысының жұмысына қатысты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді.

Форум әлемнің жүзден астам мемлекеттерінің жоғары қадағалау органдарының басшыларын жинады және Прокурорлардың халықаралық қауымдастығытарихындағы қатысушылардың саны жағынан ең үлкені болды.

Конференцияны Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка мен Халықаралық прокурорлар ассоциациясының Президенті Джеймс Гамильтон ашты. Ресей Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Сергей Иванов Ресей Президенті атынан құттықтау сөз сөйледі.

Форумда заң үстемдігін қамтамасыз ету сұрағына қатысты прокурорлардың қызметі талқыланды. Соның ішінде заң үстемдігі қағидасын  жедел деңгейдегі прокурорларға қатысты қолдану, прокурорларға оның қызметінің тәуелсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге берілетін кепілдік, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында әртүрлі мемлекеттер арасындағы прокурорлардың өзара әрекеттесуі және тағы да басқа сұрақтар талқыланды.

Конференцияда мемлекет өміріндегі прокуратураның басты қызметі мен міндетін қайта қарау және кеңейту жөнінде кеңінен пікір алмасу болды, осы мәселеге қатысты әртүрлі инновациялық көзқарастар қаралды.

Форум аясында А.Дауылбаевтың Беларусь, Грузия, Ресей, Швейцария, Чехия, Тәжікстан және Украинаның Бас прокурорларымен, сондай-ақ Армения, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Канада прокуратура өкілдерімен екіжақты кездесулері болып, онда өзара ынтымақтастықтың келешектері талқыланды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.