You are here

Жетімнің құқы неге бұзылады?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырауда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзыла беретініне төмендегі деректер айқын дәлел бола алады. Облыстық прокуратура органдарымен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметінде өткен жылы және биылғы алты айда бірқатар заң бұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Атап айтқанда, мекеме басшылары мен заңды өкілдердің әрекетсіздігі салдарынан 56 шешім бойынша 14 961 496 теңге алимент өндірілмей келіпті. Бұған қоса, 51 шешім сот орындаушылардың өндірісіне мүлдем алынбай, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 37-бабындағы 1-тармақтың талабы орындалмаған.

Сонымен бірге, 3 баланың ата-анасының мәртебесі анықталмауы салдарынан алимент өндіру туралы шешім қабылданбаған. Ал 5 баланың (1 бала патронаттық тәрбиеге берілген, 4 бала жетім балалар үйінің тәрбиеленушісі) ата-аналарының атына тіркелген жылжымайтын мүліктерге хаттау жасалып, тыйым салынғанымен, оның пайдаланылуы бойынша өкілдері тағайындалмай, бақылауға алынбаған. Осылайша, Үкіметтің 2013 жылғы 29 қарашада №1271 қаулысымен бекітілген «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларының» 10 және 11-тармақтарының талаптары бұзылыпты.

Ата-ана мейірімін аңсағандардың көпшілігі баспанаға мұқтаж. Дәл осындай күйдегі 62 бала тұрғын үй кезегіне қойылмай, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабындағы 1-тармақтың талабы да орындалмаған. Сонымен қатар, қамқоршының атына дербес шоттың ашылмауы және дұрыс есептелмеуі салдарынан 15 қорғаншыға 1 446 460 теңге жәрдемақы төленбегені анықталған. Қазір тексеру қорытындысымен уәкілетті органдарға заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Енді оның қаралу сатысы прокуратураның бақылауына алынып отыр.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.