You are here

Жастарға «жиһад» ұғымы түсіндірілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанадағы Халықаралық мәдениет және дін орталығының талдау жұмыстары бөлімінің аға сарапшысы Асхат Өтемісов Ембі қызмет көрсету саласы колледжінде білім алушылармен болған «Жастар арасындағы діни жат ағымдар» тақырыбындағы кездесуде республикалық топтың Ақтөбеге келгендегі жұмыстарының барысымен таныстырды.

Кездесуде Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім басшысы Ермағамбет Ержанов экстремизм мен терроризм, «жиһад» ұғымына кеңінен түсінік берді. Ол өз сөзінде терроризмге барған адамның қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, жалған террорлық әрекетке байланысты жүзеге асырылатын заң актілерімен таныстырды. Сондай-ақ, республикалық топтың мүшесі Асқар Ниязов жастармен болған кездесуде әлеуметтік көмек алудың жолдарын, ал  «Нұр Мүбарак» университетінің оқытушысы, доктор Оралхан Сейдманов «дін» сөзінің мағынасын, оның қолданылу аясын жастарға ұғынықты етіп түсіндірді. Исламның бейбітшілікті қалайтын дін екенін айтты.

Кездесу барысында колледж оқушылары мамандарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

 Аманбай ҚОНАҚБАЕВ.

Ембі қаласы,

Мұғалжар ауданы

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45946

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.