You are here

ЖАНЫ ЖАБЫРҚАҒАНДАР КӨБЕЙДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

– Қазіргі таңда статистикалық мәліметтер бойынша өз-өзіне қол жұмсайтын әрекеттер мен өз-өзіне қол жұмсау мәселесі қалада емес, аудан мен ауылдарда көп орын алып отыр.

2014 жылдың 6 айында кәмелетке толмаған жастардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қалада – 26, ал аудандар мен ауылдарда 78 іс тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратура комитетінің төрағасы Сәуле Айтбаева Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің “Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауды және жол көлік оқиғаларын азайтуға” арналған отырыста мәлімдеді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау және қоғамдық дамыту министрлігінің вице-министрі Серікбол Мусинов аймақ бойынша статистикалық мәліметтерді жария етті..

– 100 мыңдаған тұрғыны бар аймақта өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші есеп бойынша мына аймақтарда жоғары болып тұр: Қостанайда – 42,5, Ақмолада – 36,4, Шығыс Қазақстан облысында – 31, Батыс Қазақстан облысында – 36,4, Қарағандыда – 25,3, Павлодарда – 25. Ал ең аз көрсеткіштер Алматыда – 5,4, Солтүстік Қазақстан облысында – 10,6, Маңғыстау облысында – 12,5, Астанада – 12,9, Оңтүстік Қазақстан облысында – 13 пайызбен тіркелді, –дейді ол.

Сонымен қатар ЮНИСЕФ “Денсаулық және жастарды дамыту” бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова «қазақстандық жасөспірімдер еуропалықтарға қарағанда албырт әрі ашушаң болып келетінін айтты.

Еуропалық жасөспірімдерге қарағанда, қазақстандық жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау факторлары тым ауыр және көп. Одан бөлек, өз-өзіне қол жұмсаған жастардың және өлім-жітімнің көбеюі албырттық пен ашушаңдыққа байланысты. Бұл жастарымыздың өз-өзіне не үшін қол жұмсайтынын көрсетіп отыр. Жастардың өз-өзіне қол жұмсауының негізі, бірінші кезекте торығуда жатыр. Біз оны 90 пайыз жасөспірімді зерттеу барысындап анықтадық. Оның үстіне 20 пайызы торығудың ең жоғары сатысында. Қобалжу мен күйзеліс жағдайы – жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсайтын екінші фактор. Жасөспірімдердің бір пайызы ішімдікті күнде пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ тағы бір пайызы есірткіні өмірінде кем дегенде 3 рет қолданған, – дейді Айгүл Қадырова.

... Жастардың өмірден түңілуінің астарында не жатыр? Ата-ана осыны ойлады ма екен?

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.