You are here

Жаңа ғимарат әділдік мекені болғай

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ЖАҢА ҒИМАРАТ ӘДІЛДІК МЕКЕНІ БОЛҒАЙ
- Бас Прокурордың орынбасары
Нұрмұханбет Исаевтың тілегі осы

Қазақстан прокуратурасының қалыптасу және даму кезеңіне көз жүгіртсек, 80 жылдан астам уақыт ішінде дамудың ұзақ жолдарынан өтіп, республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орнын еншілегені алға тартылады. Ел Президентіне тікелей бағынысты аталмыш орган егемен еліміздің қалыптасу жолында азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда өзіндік рөл атқарып келеді. Бүгінде осы саланы мемлекет тарапынан материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету айтарлықтай қамқор қолға алынған. Мәселен, 2009 жылдан бастап республика көлемінде 74 ғимарат салынса, оның 8-і біздің облыста бой көтерген. Бұған дейін облысқа қарасты Сарысу, Қордай, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарында аудандық прокуратура ғимараттары салынса, Мойынқұм мен Жамбыл ауданында бір күнде екі нысан пайдалануға берілді. Соның ішінде өз өңіріміздегі нысан құрылысын «Тұран-Тараз» ЖШС жүргізген. Оған республикалық бюджеттен 76 млн 636 мың теңге бөлініп, аталмыш мердігер компания ғимаратты белгіленген уақытта тапсырды. Іші компьютер, жиһаз секілді керек-жарақтармен жабдықталып, ауласы көз тартарлықтай кейіпте абаттандырылған.

Аудан орталығындағы осынау еңселі, сәулетіне дәулеті сай нысанның ашылу салтанатына Астанадан арнайы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Молдалыұлы Исаев келіп, көпшілік алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде 1978 жылы осы саладағы еңбек жолын Аса селосында жаңа ғимаратта бастағанын айтып, 35 жылдан кейін бүгінгі ғимараттың ашылу салтанатында жанына жақын Жамбыл жұртшылығымен жүздесу сәтін жақсылыққа балады. Сондай-ақ елге береке, бірлік, тыныштық тілей отырып, жаңа ғимарат туралықтың, тазалықтың, әділдіктің мекені болсын деген ниетін білдірді. Бұдан кейін аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы Дәулет сөз алып, ғимараттың заңның үстемдік құратын орнына айналуын, аудан прокуратурасының жұмысына табыс, елге бақыт тіледі. Әңгіменің арқауына айналып отырған ғимарат кермесі Нұрмұханбет Исаев пен Рүстем Дәулеттің қолымен қиылып (суретте), шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Нұрым Сырғабаев.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.