You are here

ЖАЛҒАН ЛАҢКЕСТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!..

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Телефон арқылы «жарылғыш қондырғы қойылған» деп жалған ақпарат беру соңғы уақытта көп тараған құбылысқа айналып отыр.

Алайда «телефон терроршылары» немесе «қалжыңқойлар» өздері жасаған әрекеттен мемлекетке орасан зор көлемде шығын келетіндігін, сондай-ақ мұның соңы қылмыстық жауапкершілікке апарып соғатындығын қаперге алмауда. Осындай парықсыздықтың кесірінен өткен жылмен салыстырғанда мұндай оқиғалардың көлемі анағұрлым өсе түсуде. Егер 2012 жылы жалған ақпарат таратуға қатыс-ты 8 оқиға тіркелсе, 2013 жылы құқық қорғау органдары 16 оқиғаны тіркеген. Ал үстіміздегі жылдың небәрі үш айы ішінде үш оқиға орын алып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпарат таратушы «терроршылардың» мұндай іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке едәуір көлемде материалдық шығын келетіндігі ақиқат.

Мысалы, 2013 жылы 8 шілде күні кешкі 17 сағат 43 минутта өз үйінде араққа сылқия тойып алған С деген азамат Астана қаласының Есіл аудандық ішкі істер департаментінің кезекші-лік бөліміне телефон шалып, Қырғыз Республикасы елшілігінің ғимаратына террористік шабуыл актісінің дайындалып жатқандығы туралы хабарлайды. Алайда құқық қорғау органдары жүргізген тексеру барысында ақпараттың жалған екендігі анықталды. Сөйтіп, 2013 жылдың 8 шілдесінде Астана қаласындағы Есіл аудандық ішкі істер басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдары, арнайы қызмет орындары, сондай-ақ Астана қалалық шұғыл қызмет көрсету мекемелерінің (ІІД, ҰҚКД, ТЖД, жедел дәрігерлік көмек) оқиға орнына барып жүргізген жұмыстарының салдарынан мемлекетке 247 183 теңге шығын келтірілді.

2013 жылы қазан айның 20-да Есіл аудандық №2 соты азамат С-ны бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұған қоса, прокурордың азаматтық талап-арызы жағдайында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Сот барысында келтірілген шығынның мемлекетке толық қайтарылға-ны анықталды.

Тағы бір мысал, үстіміздегі жылғы (2014 ж.) 12 қаңтарда Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Орталық жедел-басқару басқармасына «Астанада террористік актіге дайындық жүргізілуде» деген ақпарат келіп түсті. Құқық қорғау органдары мен қаладағы арнайы қызмет өкілдерінің оқиға орнына жан-жақты жүргізген тексеруі нәтижесінде «террористік актіге дайындық жүріп жатыр» деген ақпараттың жалған екендігі анықталды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті Б есімді азамат анықталып, тұтқындалды. Қазіргі күні қылмыстық істі тергеу жұмыстары одан әрі жүргізілуде.

Қылмыстық оқиғалардың басым көпшілігі ішімдік ішу, отбасылық-тұрмыстық келіспеушіліктер немесе «қалжыңға» бой алдыру салдарынан орын алған бұзақылық іс-әрекеттердің нәтижесінде туындайтындығын атап көрсеткеніміз жөн.

Егер 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабында көрсетілген «терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату» негізінде жасалған қылмыс орташа көлемдегі қылмыс санатына жатқызылып келген-ді. Алайда қазіргі күні (2012 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертуге байланысты) атап көрсетілген бапқа қатысты санкция анағұрлым қатайтылып, ауыр қылмыс санатына жатқызылды.

Бұрын терроризм актісіне қатысты жалған ақпар берген адамға 200-ден 500 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе бір жылдан екі жылға дейін еңбекпен түзеу жұмысына тарту болмаса екі жыл мерзімге бостандығын шектеу немесе осындай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын.

Ал қазіргі күні мұндай қылмыстық әрекетке барған азаматтарға 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, иә болмаса алты жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Жоғарыда келтірілген мысалдарды ескере отырып, Астана меймандары мен тұрғындарының қылмыстық жауапкершілікке мәжбүр ететін іс-әрекеттерден аулақ болғаны жөн деген пікір білдіргіміз келеді.

В. КУПРЕНКО, Астана қалалық прокуратурасы 1-басқармасы бөлімінің прокуроры 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.