You are here

Жалған кәсіпкерліктің жолы кесілуі тиіс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Асхат Дауылбаевтың төрағалы­ғымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қам­тамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңе­сінің отырысы болып өтті.

Отырыс барысында Бас прокурор күн тәртібінің ерекше өзектілігін атап өтті. Бюджеттік қаражатты ұрлау мен салық төлемінен жалтару мемлекеттің экономикалық негізін едәуір бұза отырып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруде.

Құзыретті органдар заңсыз табыс­тың түсу жолдарын анықтау және оларға тосқауыл қою бойынша жұмыс­тар жүргізуде. Кейінгі бес жылда жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтаудың тұрақты өсу серпіні байқалуда. Атап айтқанда, 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген. Биылғы жылдың екі айы ішінде жалған кәсіпкерлік туралы 628 қылмыстық іс тіркелді, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 261 қылмыстық іс болған еді. Дегенмен, А.Дауылбаев атап өткен­дей, жүргізіліп отырған жұмыс­тардың тиімділігіне Мемлекеттік кіріс комитетінің уәкілетті қызметтерінің жеткіліксіз үйлестірілуі мен келісімсіз әрекеті және банк мекемелері тара­пынан қаржы операцияларына қатысты тиісті бақылаудың болмауы кедергі жасап отыр.

Қылмысты  алдын ала ескертудің тетіктері нашар қолданылады, соның салдарынан заңсыз табысты жылыстатудың қыл­мыстық жолдары орын алған соң ғана анықталады. Соңғы бес жылда аяқ­талған істер бойынша анықталған залалдың сомасы 242 млрд-тан астам теңгені құрады. Залалды өтеу болса орташа есеппен 7 пайыздан аспайды, ал 2015 жылы небәрі 1,2 пайызды құрады.
         Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қаржы мониторингі жөніндегі сала­лық комитеттің күмәнді мәміле­лер мен қаржылық операциялар туралы материалдарды жинақтау және талдау бойынша жұмыстарының тиімділігі төмен екенін атап көрсетті. Осылай­ша, құзыретті орган өткен жылы тек жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені қол­ма-қол ақшаға айналдырмақ болған 106 күдікті операцияны тоқтатқан, ал осы кезеңде қылмыстық істердің материалдары бойынша ғана есеп-шоттардан 136 млрд теңге алынған.
Екінші дәрежелі банктердің ішкі бақылау жүйелерінің қызметі де көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде кәсіпкерлер 15 триллион тең­гені қолма-қол ақшаға айнал­дырған. Бұл ретте екінші дәрежелі 28 банктің сегізі ғана капиталды көлеңкелі айналымға жіберуге қатысты күдікті операциялар жөнінде құзыретті органдарға хабар берген.

Бас прокурор экономика са­ласындағы қылмыстардың үлкен қоғамдық қауіптілігі қаржыны теріс пайдаланудың жолын кесуге және оларды болдырмауға бағытталған ке­шенді әрі нақты үйлестірілген жұ­мыс­тар жүргізуді талап ететінін атап көрсетті.

Талқылау қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесі Мемлекеттік кіріс комитетіне жалған кәсіпкерлік фак­тілері бойынша тиісті тергеу жұ­мыс­тарын қамтамасыз етуге, қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға аудару мақсаты бар келісімдерді анықтау туралы мекемеаралық ақпарат алма­суды жүргізу бағытында шаралар ұйымдастыруға кеңес берді.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетке екінші дәрежелі банктер­мен жұмысты күшейту және заң та­лаптарын бұзғандары үшін жауап­кер­шілікті қатаңдату қажеттілігі туралы нұсқау берілді. Бас прокурор барлық уәкілетті органдардан алға қойылған міндеттердің тиімді жүзеге асы­рылуын қамтамасыз етуді, заңсыз табыстарды жылыстату тәсілдерін анықтау және жолын кесу бойынша профилак­тикалық және жедел іс-шаралардың нәтижелілігін арт­тыруды талап етті.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.