You are here

Жалған хабар үшін бас бостандығынан айырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 24 жұлдызында сағат шамамен 21:25-те Е.Кушекбаев Астана қаласының Дүкенұлы көшесінде орналасқан  «Сарыарқа» базарында бомба бар деп өзінің ұялы телефонынан 102 нөміріне қоңырау шалып,  хабарлайды.

Оператордың: «Хабарлама жалған болса қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін!» деген ескертуін елемей, «базарда  бомба бар!» деп қоймайды.

Нәтижесінде, оның жалған іс-әрекеттерінен Астана қаласы ішкі істер департаментіне және Астана қаласы ұлттық қауіпсіздік департаментіне 25 524 теңге материалдық шығын келді.

Сондықтан Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 соты Е.Кушекбаевты ҚК-нің 242-бабымен кінәлі деп тауып, яғни терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 айға бас бостандығынан айырып, жазасын колония-қонысқа өтеуге жіберді, деп хабарлады Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.