You are here

Жалған диплом жарға жығады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде кез келген жекеменшік жоғары оқу орнына барып, ақысын төлеп, оқуға тіркеліп қоюға болады. Кейбіреулері колледж бітірді деген диплом жасап беріп, бірден жекеменшік жоғары оқу орнының үшінші курсынан қабылдай береді. Арасында сессияға келмей-ақ қосымша ақы төлеп оқу орнын бітіріп алатындар да жеткілікті. Былайша айтқанда, қазір дипломды оқымай-ақ осылай сатып алатындар саны көбейген.

Ақтөбе облысына қарасты Ырғыз ауданының ауылдық мектебінде бірнеше жыл сабақ берген 3 мұғалімнің жалған дипломына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, ал Қобда ауданында 4 мұғалімнің білімін анықтайтын дипломға Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мөрі соғылыпты. Дипломды сатып алғандар жағрафия, математика, еңбек және орыс тілі пәнінен сабақ беріп келген. Тексеру жүргізген прокурордың айтуынша, мұғалімдерге дипломды алуға көмектескендер бүгінде дүниеден өтіпті. Сондықтан ұстаздардың өздері ғана жауапқа тартылады.

Айта кетейік, былтыр дәл осындай жағдай Хромтау ауданында анықталған. Ол кезде 4 мұғалім заң алдында жауап берді. Ақтөбе облыстық прокуратура басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов «бұл дерек бойынша прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлға жауапқа тартылған. Анықталған Қобда ауданындағы 4 дерек бойынша мемлекетке 2,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілген, бұл шығынды өтегені үшін кінәлі тұлғаның үстінен қозғалған қылмыстық іс қысқартылған болатын», – дейді.

Жыл басында тағы да Ақтөбе облысындағы мектептердің бірін­де мұғалім жалған дипломмен орыс тілінен сабақ беріп келгені анық­талды. Хромтау аудандық білім бөлімін­дегілер мұғалімдердің бірі жалған құжаттың көмегімен жұмысқа орналасқанын естіп сотқа берген. 47 жастағы әйел осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдағаны туралы белгісіз біреуден диплом сатып алғанын мойындапты. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызы «оның құжаты ешбір тиісті органдарда тіркелмеген, жоғары оқу орнында оқымаған. Тек арнаулы орта білімі ғана бар. Жалған дипломның көмегі­мен мемлекетке келтірген шығыны 200 мың теңге», – деп түсіндірді.

Жарас Шөке

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.