You are here

Жалған ақпарат таратқандар анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура 2Кеше Бас прокуратурада брифинг өткізіліп, онда бұдан бұрын хабарланғандай, құқық қорғау органдары Центр Кредит Банк, Каспий Банк және Альянс Банктің банкрот алдындағы жағдайы жөнінде жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіков айтып берді.

Мұндай жалған ақпараттың аталған қаржы ұйымдарына айтарлықтай зиян келтіріп, қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуіне әкеп соққаны белгілі, деді ресми өкіл. Бүгінгі күнге дейін банктердің қаржылық ахуалы жөнінде жалған ақпараттың алғаш таратылуына қатысы бар бірнеше адам анықталып, ұсталды. Олар кінәларын мойындап, тиісті түрде жауап беруде және мұндай әрекеттерге баруларының жай-жапсарын егжей-тегжейлі баяндап берді. Ұсталғандардың арасында алматылық заң компаниялары бірінің қызметкері және банк заңгері бар. Олардың жауаптары басқа анықталған және ұсталған адамдардың түсініктемелері сияқты мұқият тексерілуде.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары анықтаған көрінеу жалған ақпаратты дайындау және таратуға кінәлі барлық адамдарды әшкерелеу және жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауда. Істің нақты мән-жайларына қарай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе шешілетін болады. Зардап шеккен банктер материалдық зиянды өтеу туралы талап-арыздар беруді бастады. Сонымен қатар, біз Парламентке елеулі зиян және ауыр салдарларға әкелуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар енгіздік. Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарға, БАҚ өкілдеріне шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратудан бас тарта отырып, осы мәселелерге неғұрлым жауапкершілікпен қарау туралы өтініш жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Александр ТАСБОЛАТОВ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.