You are here

Жағрафиялық ақпараттық жүйе

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Талдықорғанда Алматы облысы əкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алудың алғашқы қадамы – жариялылыққа жарқын жол ашу мақсатында жиын болды. Негізі ішкі істер органдары жұмысын бақылап жəне ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Елбасы Бас прокуратураға елімізде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықты белгілейтін «Құқық бұзушылық картасы» атты интер нетпортал құру жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл шараны атқару Ұлт Жоспарының 32қадамында нақ тыланған. Онда Бас прокуратураның өкілетті органы құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитеті ведомствоаралық əрекеттердегі ақпарат тық жүйені орталықтандыруда жауапты атқарушы болып анықталған.

Сонымен, жасалған қылмыс туралы факт, құқық бұзушылық жөніндегі хабарлама мен арыз реестрға еніп жəне тіркелген соң небəрі 34 минут та жағрафиялық картада жарияланады. Бүгінгі таңда «Қылмыстық карта» қызметі барлық облыс орталықтары, Алматы, Астана қалалары жəне 20 моноқалада көрсетіледі. Карта құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің сай тында қолжетімді. Қылмыстың ошағын жылдам белгілеп, алдын алу үшін карта бірінші кезекте ішкі істер органдарына, əкімдерге, білім беру мекемелеріне пай далы болады. Қазір кез келген облыстағы жалпы қылмыс санын, 10 мың тұрғыны бар елді мекендегі қылмыс деңгейін əп сəтте білуге болады. Бұл ақпараттық қыз метті интернет желісі бар əр адам пайдалана алады. Облыс орталығындағы картадан əр адам қылмысты қай көшеде, қай үйде жасалғанын да біле алады.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.