You are here

Ынтымақтастық нығая түсті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей мен Еуразия бойынша аға директоры Селеста Уолландермен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық пен қылмыстық құқық саласындағы құқықтық көмекті ұлғайту және нығайту жөніндегі бірқатар мәселелер талқыланды. Соның ішінде тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі қылмыстары, киберқылмыстарға қарсы және қару-жарақ саудасы аясындағы ықпалдастықтың әрі қарайғы бағыттары туралы пікір алмасты.

А.Дауылбаев екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастық тиімді жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның Бас прокуратурасы америкалық құзыретті органдармен өзара қағидаты негізде қылмыспен күрес және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мен қылмыскерлерді ұстап беру саласында белсенді жұмыс атқаруда.

Әңгімелесушілер халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи геосаяси мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығы арта түскенін баса айтып, әрі қарай да өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.