You are here

Whats App арқылы шағым жасай алады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында қызылордалық кәсіпкерлердің шағымдарын Whats App арқылы жолдай алатындығы жайлы айтылды.

Енді облыстық прокуратура бизнес өкілдерінің құқығын қорғау бағытында Whats App мобильдік қосымшасы арқылы да шағымдарды қабылдай алады. Ол үшін кәсіпкерлер 8 705 824 66 66 ұялы телефон нөміріне Whats App мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік органдардың заңсыз тексеру әрекеттеріне, құқығын қорғау бойынша шағымдана алады.

 Мобильдік қосымша арқылы түскен хабарлама арнайы журналда тіркеліп, құрамында прокуратура, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар мобильдік топпен дереу тексеріліп, расталған жағдайда заңмен белгіленген тиісті шаралар қолданылады. Аталған нөмір бойынша азаматтар сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар бойынша да хабарлама жолдай алады.

Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 236 арыз-шағым түскен. Өтініштердің басым бөлігі, яғни 46-сы (20 пайыз) жергілікті атқарушы органдардың жер мәселесіне қабылдаған шараларына, 20-сы салық заңнамасынан туындайтын мәселелерге, 20-сы мемлекеттік сатып алуларға қатысты. 2014 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда осы жылдың 6 айында түскен өтініштер 40 пайызға артық. Бүгінгі күнге 181 кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді. Аталмыш тың әдіс кәсіпкерлердің мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Өз тілшімізден

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.