Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан былай құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары азаматтарға оның жасаған қылмыстары туралы барлық ақпараттарды беретін болады деп хабарлады Бас прокуратура.

Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәмелетке толмаған балалар қатысатын білім, тәрбие беру, демалысты және сауықтыруды ұйымдастыру, дене шынықтыру мен спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет пен өнер салаларындағы еңбек қызметі, кәмелетке толмағандарға қатысты кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зардап келтіру, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін соттылығы бар немесе болған адамдар жіберілмейді. Осыған қарамастан, тексеру барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың білім беру мекемелерінде жұмыс істеп жүргендері анықталып жатыр. Осы кезге дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жеке адамдардың арыздары бойынша сотты болғандығы немесе сотталмағандығы туралы мәліметтер бекітілген «Соттылықтың бар не жоқтығы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты шеңберінде соттылықтың жойылуы және алынуы ескеріле отырып беріліп келді. Қазір соттылығы жөніндегі анықтама басқаша түрде беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 17 мамырындағы № 505 қаулысына сәйкес, бұрынғы көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтері болуы не болмауы туралы ақпарат беру» деп аталатын болды.

Енді анықтамаларда соттылықтың жойылуына және алынып тасталынуына қарамастан, адамның айыпталушы ретінде жауапқа тартылуынан бастап, одан әрі оның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе жазалануы, сондай-ақ аталған адамға қатысты ақталмаған негіз бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдау туралы ақпараттардың барлығы көрсетілетін болады. Бұл ретте көрсетілген мәліметтер мемлекеттік және басқа мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануына жататыны, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-ші және 86-шы баптарында қарастырылған соттылықтың жойылуы және алынып тасталу мерзімдері де ескерілуге тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан не электронды үкімет порталынан алынған анықтамалар қылмыстық істер және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы материалдары жөнінде процессуалдық шешімдер қабылдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және оған теңестірілген адамдарға қатысты арнаулы тексерулер өндірісі кездерінде пайдалануға жатпайды. Егер мемлекеттік органдар немесе басқа ұйымдар Комитет берген мәліметтерді заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланса, онда олардың іс-әрекеті жөнінде азаматтар сотқа арыздана алады. Бұл қызмет бұрынғыдай электронды сандық қолтаңба арқылы электронды үкімет порталынан автоматтандырылған режимде көрсетіледі, ал тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барса, 10 минуттың ішінде атқарылады. Азаматтың анкеталық деректері басқа адамдардың деректерімен толықтай сәйкес келген жағдайда шатасып, теріс ақпарат берілмес үшін анықтама 3 жұмыс күні ішінде толықтай тексеріліп беріледі. Сондай-ақ шетелге шығып бара жатқан азаматтарға ыңғайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орындарында анықтамаларда елтаңбасы бар мөр басылып, жазбаша беру ұйымдастырылған.

ТӨРЕЖАН Қайыржан

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.