You are here

Топ жұмысы көңілден шығуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы күндері құрамында бизнес қауым­дастық, даму институттары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен дін сарапшылары бар 200 маман Елбасы тапсырмасымен Ақтөбе өңірін аралап жүргені белгілі. Бүгінге дейін олар «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында қала, аудан, ауыл халқымен кездесулер өткізіп, оған 57 мың тұрғынның  қатысуын қамтамасыз етті. Жер жерлерде ұйымдастырылған шараларда азаматтарға мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері мен оның тетіктері түсіндірілуде. Осылайша, өңірде бизнес ортаның өрісін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде.

Түйіні тарқамаған көкейкесті мәсе­лелерді жедел шешу үшін құрылған арнайы топ осы күнге дейін жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірге Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, олар шағын және орта бизнес обьектілерінде болып, 167 кәсіпкерге қызмет аясын кеңейтуге қатысты қосымша кеңес берілді. Жоспарлы жиындар қатарында ауыл жастары үшін өз бизнестерін ұйымдастыру мен оны жүргізу бойынша тренинг, семинар, шеберлік кластары жүргізіліп жатқанын айта кетейік. Аймақ жастарына бизнес жоспар жасау үйретіліп, өтімді бизнес-идеяларды жүзеге асыруға кеңес берілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске кіріскен ведомоствоаралық топ жұмысының бағыты – патриотизмді көтеру, отбасылық құндылықтарды дәріп­теу мен ұлтаралық келісімді нығайту болып табылса, мамандар елді осыған ұйыстыру жолында да ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.