You are here

Тиісті шешімдер қабылданды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздегі кезектен тыс Парламент Мәжілісі сайлауының үгіт-насихаты мен дауыс беру процестері жалпы заңға сәйкес өтті.

Дегенмен, арасында бірнеше заңбұзушылықтар орын алып, оған сол мезетте прокуратура органдары араласып, тиісті шешімдерді қабылдаған. Бұл турасында Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.

– Конституцияға және Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сай Бас про­куратура ағымдағы сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Үгітті қоса алғанда, дауыс берiлетiн күннің алдындағы барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай жүргізілгенін атап өтеміз. Мемлекеттік органдардың тарапынан қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

Тек сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарт­тарының жекелеген заңбұзушылықтары орын алды.

Дауыс берiлетiн күннің алдындағы кезеңде Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша прокуратура органдарына үш өтініш қана келіп түсті.

Сағат 16.00-ге дейін прокуратура органдарына 8 өтініш түсті. Астанада про­куратураға партиялардың бірінің өкілі Рахым­жановтың жәшiктердің байқалуына жағдай жасауды қамтамасыз етпегені үшін №78 учаскенің сайлау комиссиясының төрағасына шара қолдану туралы екі ұқсас өтініші келді.

Қалған өтініштер бойынша оларда көрсетілген заңбұзушы­лықтардың белгілері туралы ақпараттар тексерілуде.

Бейсенбай ТӘЖІБАЕВ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.