You are here

Террорлық әрекетке қарсы дайындық пысықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облысымызда Астанадан арнайы келген  жұмыс тобы халықпен кездесу өткізіп, жеті бағыт бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп жүр. Кеше алтыншы бағыт бойынша жұмыс істейтін, анығы, террорлық әрекетке қарсы дайындықты пысықтайтын топ Ақтөбе базарларын аралап, жағдайды өз көздерімен көрді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің өкілі Кенже Салықов бастаған мамандар әуелі «Арай» базарының әкімшілігінде жұмысшылармен кездесті.

— Біздің жұмыс тобы бір ай бойы, яғни 27 қазанға дейін 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бізге тиесілісі — алтыншы бағыт, атап айтсақ, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның ішінде террорлық әрекеттерге қарсы дайындықты пысықтау, сол жағына көп көңіл бөлеміз. Негізі біз бұған дейін Темір, Хромтау аудандарында болдық. Біраз жерде өрт қауіпсіздігіне қатысты ұсыныстар айттым. Ереже бойынша, көпшілік жүретін жерлерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бейнекамера, дабыл құрылғылары болуы шарт. Жалпы басқа да сұрақтарыңыз болса, біз осы айдың соңына дейін қалалық әкімдікте боламыз, хабарласыңыздар, —деді Кенже Салықов.

Кездесу барысында жиналғандарға терроризм әрекеттерінің қаупі туындаған немесе жасалған жағдайда не істеу керектігі жазылған жаднама таратылды. Мұнда сезікті заттың, яғни жарылғыш құрылғының қасында ұялы телефонды қолдануға болмайтыны ескертілген. Сондай-ақ, антенна, сағат дыбысы, сым, батарея, иесіз портфельдер мен сөмкелер секілді заттардан күдіктену абзал. Ең дұрысы, бірдеңеден сезіктенсеңіз, өзіңіз қимылдамаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Кездесуден соң осы топты «Арай» базарының басшылығы алып жүріп, аралатып, террорлық іс-әрекетке қарсы қаншалықты дайын екендіктерін көрсетті. Топ мүшелері осылайша Ақтөбе базарларының бәрін аралап, өз тараптарынан ескертулер мен ұсыныстарын айтты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45800

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.