You are here

Терроризммен күрес мәселесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Сочи қаласында өткен Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының (ПХҚ) Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия мемлекеттеріне арналған 7-ші аймақтық конференциясына қатысты.

Дүниежүзінің 34 мемлекетінен жиналған 200 қатысушының және 9 мемлекеттік орган мен ұйым өкілдерінің басын қосқан форумда терроризмге және зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Жиынның ашылу рәсімінде Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка және Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.

Ретімен жалғасын тапқан талқылау барысында терроризммен және зорлық-зомбылық экстремизммен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықтың, соның ішінде, істі тергеу мен сотта талқылаудың, сондай-ақ, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болды.

Форум аясында А.Дауылбаев Армения, Әзербайжан, Беларусь, Бразилия, Босния және Герцеговина, Венгрия, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Чехия, Иран, Куба, Оңтүстік Африка елдерінің бас прокурорларымен, сондай-ақ, ПХҚ басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.