You are here

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Конституциясымен - нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік берілген.

2014 жылдың 11 қарашасындағы Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келетінімізді атап өтті.

Елімізде түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруіне Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатының арқасында деп тұжырымдауға толық негіз бар.

Тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз, байтақ мәдени мұрамыз бен тірегі берік тіліміз - қазақ жерін мекен еткен барлық ұлт пен ұлыстарды біріктірген ортақ құндылықтар қатарынан саналады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының 1995 жылы 1 наурыздағы Жарлығымен  ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту үшін елімізде жаңа қоғамдық институт Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Еліміздегі барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық олардың мүддесіне деген құрмет пен мәдениетті қалыптастыру Ассамблеяның басты мақсатына айналды.

Бірліктің берекелі бекетіне айналған қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыс діні мен діліне, тілі мен түріне қармай, татулықты ту етіп, ынтымақ пен келісім аясында өмір сүріп келеді. Азаматтық институт - қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдегі қауымдастық алдында беделді ұйымға айналды. Түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, бейбіт күн кешкен қазақ елі өзге мемлекеттерге үлгі болып келеді.

 «Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея - мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үн қатысуын, барлық этностар өміріндегі өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақстанды қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уық.
Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табыламыз. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!» - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен биылғы жыл -«Қазақстан халқы Ассамбелясының жылы» деп жариялап, маңызды бағыттарды белгілеп берді. Себебі, ұлтаралық қақтығыстардың орын алмауы, тұрақтылықты қамтамасыз ету басты басым бағыттардың бірі де бірегейі. 

Елдегі тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтауда қариялардың қосатын үлесі зор. Қай кезеңде болмасын қоғамдағы өзекті мәселені талқылап, шешендігімен алқалы жиындарда бір ауыз мақалмен, өнегелі сөзімен ел тоқтатқан даналарымыз аз емес. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», - деген аталы сөздің астарында терең мән жатыр. Қазақстанның өсіп - өркендеуі, еліміздің бейбіт жағдайда өмір кешуіне өз үлесін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.

Елбасының «Нұрлы жол болашақтың жолы» атты халыққа Жолдауында таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады деп атап өтті.

Осыған байланысты қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қадағалау қызметінің басты басым бағыты болып табылады. 
Тәуелсіз ел атанып, терезесі өзгелермен теңескен тұста елді татулық пен келісімде, өнегелік дәстүрде алып келе жатқан ақсақалдарымыз бен ардагерлеріміздің үлесі орасан зор.

Қызылорда облысының прокуратурасы Ассамблеяның аймақтық өкілімен және облыстық ардагерлер Кеңесімен құқықтық бекітулерге бағытталған шаралар қабылдады.

Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық прокуратурада қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, Қазақстан халықтары Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Ляйля Төрешова, облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, өңірдің 11 этномәдени қоғамдастығының барлық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Прокурорлық қадағалау тәжірибесінде бірінші рет Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы және облыстық ардагерлер Кеңесі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Республикада прокуратура органдарындағы тұңғыш бастама туралы Сыр өңірінің ардагері С.Шаухаманов: «Прокуратура ұйымдастырған бүгінгі елімізге, халқымызға, 130 ұлттың басын қосып отырған мемлекетімізге қажет саяси, әлеуметтік шараның куәсі болып отырмыз. Президентіміз ауызбіршілік, тыныштық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Ассамблея құрды» деді.

Ұлттардың бірлігін бекіте түскен Сыр өңіріндегі Ассамблеяның жұмысы орасан зор. Осы тұрғыда, облыстық хатшылықтың меңгерушісі Л.Бегалықызы биылғы жылды елдегі татулық, қоғамдық келісімді сақтауда атқарып жатқан барлық жұмыстардың есепті жылы деп түсінуіміздің қажет екенін атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы: «Ассамблеяның көп идеясы өзге елдерде жоқ. Бүгінгі прокуратурамен бастау алған меморандум басқа облыстарға үлгі болатын үздік инновациялық мысал», - деген ойын білдірді.

Алдымызда қос бірдей дүркін мереке Ұлы Жеңістің 70 және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында жалпы аймаққа тарихи құжаттың қабылдануы аса маңызды іс-шара екендігі айқын.

Осы Меморандумның мақсаты қоғамдық шиеленіс тудыратын және оған бастайтын әрекеттерге шақыру деректерінің алдын алуда ынтымақтастықта әрекет ету, облыс аумағында келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін ықпалдасу және кеңесу түріндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Бұл тұрғыдан Меморандумдарда бірлесіп белгіленген бағыттардың ішінде, қоғамдық пікір тудыратын келіспеушіліктер мен даулар орын алған жағдайда оны реттеу және келеңсіз жағдайларды болдырмау жөнінде бірлескен іс-қимыл тәртібінде пікірлер ұсынып, ықпалдасу, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда бірлескен тиімді шараларды іске асыру сияқты мәселелер бекітілді.
Аталған бағыттың мүлтіксіз орындалуы нәтижесінде, мемлекеттік билік органдарының тиісті қызметінде тиімді әрі ұтымды жаңа қырлары мен тәсілдеры айқындалып, оларды іс жүзінде атқаруға үйрететін нысанын қарастыруға толық мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, облыстағы елді-мекендерде барлығында қиын сәттерде елдің алдына шығып, сабырға шақырып, тоқтау айтатын беделді қарияларымыздың тізімі жасалып, ол бекітілді.

Бұл қадам азаматтық қоғамның, оның ішінде түрлі этнос өкілдерінің прокуратура органдарына деген сенімін нығайтандығы сөзсіз. 
Аталған әдісті еліміздің барлық аймақтарына, әсіресе түрлі ұлт өкілдері қоныстанған өңірлерде ендіру арқылы этносаралық шиелістерді алдын ала анықтап, олардың бейбіт түрде шешілуіне ықпал етеді.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады» деген даналық сөз бар. Ынтымақ пен тұтастықтың кілті бірлікте десек, татулықтың темірқазығына айналған еліміздің болашағы баянды болсын!
 

Сапарбек Нұрпейісов

Қызылорда облысының прокуроры

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.