You are here

Судья оқшаулағышқа қамалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қалалық кассациялық сот алқасының шешімімен қалалық апелляциялық сот алқасының судьясы Күлпаш Өтемісова уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың наурыз айында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруді ұйымдастырғаны және атыс қаруын, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін А.Су­тя­гинскийдің мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы істі қайта қараған Алматы қа­лалық апелляциялық сот алқасының судьясы К. Өтемісова сотталушының атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақтамағанына «жалған» дәлел келтіріп, оны шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарыпты.

Артынша осы шаһардағы кассациялық сот алқасы К.Өтемісованың заңға қайшы келетін үкім шығарғанын анықтап берді. Мұның соңын ала қыл­мыстық жауапкершіліктен оңай құтылып, қашып кеткен А.А.Сутягинскийге іздеу жарияланды. Ал оған шектен тыс «жұмсақтық» танытып, айыпталушының қашып кетуіне жол берген судьяның үстінен енді қылмыстық іс қозғалатын түрі бар.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.