Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың жаңғырығы

Президент жанындағы Ор­талық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспары ая­сындағы сот жүйесінің дамуы­на сарапшылық көзқарас: талдау, келешегі мен ықтимал тәуекелдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Жо­ғар­ғы Сот судьялары, құқық қорғау саласының мамандары, заңгерлік және ғылыми қауым­дастықтың өкілдері, үкі­меттік емес ұйымдардың жетек­шілері және Сот төрелігі инс­титутының магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел отырысында еліміздегі сот жүйесінің да­муы, Қазақстанның ең бас­ты құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары айтылып, Елба­сының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бұл тұрғыда сөз алған Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков еліміздің егемендікке қол жеткізген жылдарынан бергі сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын, халықтың судьяларға деген сенімін атап өтті. Сондай-ақ, ол «100 нақты қадамдағы» отандық сот жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған 11 қадам­ның іске асырылу барысына тоқталды.

«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында көрсетілгендей, сот жүйесін дамыту, адам құқығы мен бостандықтарын қалыптастыру, халықтың сені­мінен шығу бағыттары бо­йынша Жоғарғы Сот пен барлық өңірдегі судьялар қы­руар шаруалар атқарып келеді. Елімізде сотқа шағым тү­сірген талапкердің талап-арызын қанағаттандыру, әділ үкім шығару секілді жүйе­лер қазақстандықтардың демо­кратиялық қоғамда өмір сүріп отырғанын білдіреді. Біз, аталған 11 қадамның іске асырылуына басымдық беріп, сот салаларын оңтайландыруға ай­рықша назар аударып келеміз, – деді.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот судьясы алқа билер соты қол­данылатын салаларды ке­ңейту, сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы тең­герімді қамтамасыз ету, судья­лыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу кезеңін қатаңдату секілді мәселелерді ортаға салды. Бұл орайда Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесіне өкі­леттілік ету департаменті басшысының орынбасары М. Әбішев сөз алып, өз ойын білдірді. Ол азамтаттық процеске прокурордың қа­ты­суын қысқару туралы ұсы­нысын айтып, сот жүйе­сінд­егі қадағалаушы орган­ның қызметін баяндады. Про­курордың пайымдауынша, еліміздегі сот жүйесінде жә­не дамуында халықаралық стан­дартқа сай ілгерілеушілік бар көрінеді.

– Бұл, әрине, ілкімді істердің іргесінде тұрған судьялар мен прокурорлардың жемісті ең­бегі, нәтижелі жұмысы, – деді М.Әбішев.

Жалпы, дөңгелек үс­тел­ге қатысушылар сот жүйе­сінде жүргізіліп жатқан ре­формалардың тәжірибелік маңыздылығын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы аталған 11 қадамның іске асы­рылу тетіктері турасында өз ой-пікірлерін тарқатты. Жиынның қорытындысында сөз алған Жоғарғы Сот жанындағы Сот­тардың қызметін қамта­ма­сыз ету департаменті бас­шысының орынбасары Ж.Әбдиев:

– «Ұлт Жоспары» заң үс­тем­дігін қамтамасыз етуге, аза­маттардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы соттар жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бес институттық рефор­маның ең басты тәжірибелік құндылығы да осында, – деді.

Талғат РАЙЫМБЕК

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.