You are here

Сот «өлді» деп таныған азамат тірі болып шықты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның құқық­тық статистика және арнайы есеп басқармасы мен Ақтөбе об­лысының прокуратурасы із-түзсіз жоғалған және сот тарапынан өлді деп таныл­ған азаматтарға қатысты қылмыстық істерге мониторинг жүргізіп жатыр.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, мониторинг барысында заң бұзу фактісі анықталған. Мәселен, Мұғалжар аудандық соты 2010 жылдың  жел­тоқсан айында 60 жастағы жер­гілікті тұрғынды өлгендер қатарына қосыпты. Алай­да, өткен жылы Астана қала­­сындағы полицейлер осы азамат­қа жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырған. Сондай-ақ, тексеру барысында оның атына ай сайын зейнетақы салымдары мен сақтандыру төлемдерінің аударылғаны мәлім болды.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.