Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қанат Сейітғаппаров, ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы:

«Былтыр Қылмыстық Кодекстің 133-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды сату) 15 қылмыстық іс тіркелді. Аталған бап бойынша 22 адам сәби сатқаны үшін сотталды. Жалпы, өткен жылы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау төңірегінде 54 заңбұзушылық тіркелген»

Өзбек елінде туып-өскен екеуінің отау тіккеніне 8 жылға жуықтаған. Олардың танысып, үй болу оқиғасы да қызық еді. 10 жылға жуық Астанадағы бір фирмада «нан тауып» жүрген жігіт бір күні орталық базарға барған. Керек-жарағын алып, араның ұясындай құжынаған халықтың ортасымен келе жатты. Екі қолы сөмкеден босамаған, жас қыз топ ішінде дағдарып тұр. Ол ойланбастан, томпақ бет сары қыздың сөмкелеріне жармасты. Діттеген жеріне жеткізіп, «алғысына» танысып үлгерді. Неге екені белгісіз, әлгі сары қызды бірден ұнатты. Тағдырдың төтеннен келген «сыйына» таң қалды.

Сол түні Руслан (кейіпкерлердің аты өзгертілді) алатаңға дейін көз ілмеді. Күн ұясынан шығысымен, жедел киініп, перзентханаға жетуге асықты. Бекер уайымдапты. Жары Жанна салмағы 3,8 келі болатын балпанақтай ұл туыпты. «Сүйіншісін» сұраған дәрігер қызға төс қалтасынан 200 теңге суырып берді. «Ұл туғанға күн туар» десті оның «сүйіншісін» естіген перзентханадағы жұрт. Ал «іңгәлап» жарық дүниенің алғаш есігін ашқан шақалақ үш күннен кейін ауруханаға қайта түсті.

Көп ұзамай екеуі шаңырақ көтерді. Бір жылдан соң, тұңғыш ұлы дүниеге келді. Сәті түсіп, екі бөлмелі пәтерге де қолы жетті. Зырлауық күндер зымырап өтіп жатты. Жасы 30-ға жақындаған отағасы елордада 10 жылдай тұрса да, әлі күнге «темір тұлпарсыз» жүрген. Онысы жанына қатты бататын. Оның үстіне, дүниеқоңыздық жайлаған қоғамда екі күннің бірінде мәшине ауыстыратын жұмыстағы әріптестері де көлігінің жоқтығын бетіне баса берді. Сол қорлықтан құтылудың амалын іздеді. Тапты. Сөйтіп жүргенде, айы-күні жетіп, Жанна тағы торсық шеке ұл тапты. Алайда азғын әке өзінің бауыр етінен «Toyota Camry»-ді артық көрген. Көп ойланбастан, опасыз ойын жұбайына жеткізді. Ол да отағасының ойын қоштай кетті. Сұмдық-ай! Бір түнде жазықсыз нәресте «тірі тауарға» айналып шыға келді.

***

Сәбиден көлік қымбат

Есінен ауысқан екеу ертеңіне ғаламторға көлдей хабарландыру берді. «Жаңа туған сәбиімді 2008 жылдан ескі емес «Toyota Camry» автокөлігіне айырбас­таймын!» деген жазуды үлкен әріптермен, қарайтып жазды. Сауданың сайтаны арбап алған Руслан тіпті жұбайының Қазақстанда ықтиярхатпен жүргенін де ұмытып кетіпті. Хабарландыру шыққан күні-ақ, телефон қоңырауына көміліп қалды. Бұлай болар деп екеуі де ойламаған екен. Алғашқы екі клиентпен «телефондағы саудасы» жараспаған соң, үшіншісіне тоқталды. Ол «тірі тауарға» айырбасқа 2012 жылғы автокөлігін ұсынды.

Ерлі-зайыптылар істі ұзаққа созбай тындыруды ғана діттеді. Күн 29 қаңтар болатын. Әлгі «клиентпен» кешкі сағат тоғызда Астананың ескі орталығындағы нотариустың бірінде жүзбе-жүз кездесуге уәделесті. Ондағы ойы – нотариус арқылы автокөлікке сенімхат жаздырып алу. Жанна қарыны ашып, емшек сұраған баласын емізбестен, киіндіріп алды. Бірдеңе сезгендей, бейкүнә нәресте шыр-шыр етеді. Уағдалы жерге «клиент» те кешікпей келіпті. Русланның қуанғаны соншалық, сенімхатқа лезде қол қойып, армандаған «Toyota Camry»-ді өз атына тіркеді. Бірақ оның қуанышы ұзаққа бармай, су сепкендей басылды. Сәбиін көлігін сатқан «клиентке» беріп жатқан азғын-ананың қолына кісен салынды.

***

Ғаламтордағы хабарландыру құқық сақшыларының құлағына жеткен. Безбүйрек жұпты құрыққа түсіру үшін, олар арнайы операция ұйымдастырды. Онысы сәтті шығып, естіген адамның құйқасын шымырлататын қылмыстың жолы кесілді. Қылмыс түбі – түрме. Ай-күннің аманында айырбасқа «тірі тауар» ұсынған азғын ерлі-зайыпты уақытша абақтыға қамалды. Тергеу аяқтап, екеуінің «Кәмелетке толмаған баланы саудалау» деген бап бойынша қылмысы дәлелденген күні 10 жылға тастүрмені «мекен» қылатыны айдан анық.

Жалған дүниеге келгенде тағдыры тәлкекке түскен періште-сәбидің күні не болатыны бір Жаратқанға ғана мәлім. Ес білмейтін нәресте аурухана төсегінде алаңсыз жатыр.

Төлен ТІЛЕУБАЙ, Астана

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.