Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мемлекеттері бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең салалы мәселелері, оның ішінде қылмыстық-құқықтық салада құқықтық көмек пен шарттық-құқықтық базаның кеңейтілуі мен нығайтылуы талқыланды. А.Дауылбаев атап өткендей, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Американың құзыретті органдарымен қылмыстық әрекетке қарсы, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді беру мәселелері бойынша өзара түсіністік қағидасы негізінде белсенді түрде ынтымақтасады. Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы геосаяси міндеттердің аясында қазіргі әлемдегі қауіп-қатерге қарсы әрекет бойынша күштердің бірігу өзектілігі объективті түрде өсіп отырғанын және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.