You are here

ПРОКУРОРЛАР ҚЫЗМЕТТЕН КЕТТІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура 1 наурыз күні Астана қаласында «Шанхай» дәмханасының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында болған кикілжіңнің себептеріне қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті қорытынды шығарды.

Астана қаласындағы «Есіл» аудандық прокурорының көмекшісі мен Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті өңірлік көліктік басқармасының аға прокуроры Астанадағы «Шанхай» дәмханасында болған кикілжің үшін қызметтерінен босатылды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратура 1 наурыз күні Астана қаласында «Шанхай» дәмханасының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында болған кикілжіңнің себептеріне қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті қорытынды шығарды. «Қорытындыға сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылды және прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды, Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды» деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар өз бағыныштыларына тиісті бақылау жасамауы салдарынан сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасауына әкеліп соқтырғаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен ҚСжАЕК Аймақтық басқармасының бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алғанын, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлерінің прокуратура органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Біржан Мәжреновке сөгіс жарияланғанын хабарлады.

ТӨРЕЖАН Қайыржан

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.