You are here

Прокуратура жаңа ғимаратқа қоныстанды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздің экономикалық жағынан әлеуетінің өсуі ауданымызға да оң ықпалын тигізіп келеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде өндіріс ошақтары, білім, денсаулық саласында жаңа ғимараттар салынып, су құбырлары жүргізіле бастады. Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Енді міне кезек прокуратура органдарына келді. Өткен аптада аудандық прокуратура еңселі екі қабатты жаңа ғимаратқа қоныстанды. Айналасы төртбес айдың ішінде «ВЕК building» ЖШС тұрғызған әсем ғимарат он бір бөлмеден тұрады. Бөлмелер жиһаздармен жабдықталып, заман талабына сай байланыс құрылғыларымен, бейне қондырғылармен қамтамасыз етілген.

Жаңа ғимараттың ашылу рәсімінде Астанадан арнайы келіп, жергілікті әріптестерінің қуанышымен ортақ-тасқан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Молдағалиұлы Исаев сөз сөйледі.

-Бас прокуратура тарапынан прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып келеді. 2009 жылдан бастап сол кездегі Бас прокурор Қайрат Мәмидің бастауымен елімізде заманауи талаптарға сай прокуратура ғимараттары салына бастады. 74 ғимарат салынып, 196 ғимаратқа күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2009 жылдан облыста 8 ғимарат, оның екеуі биыл Жамбыл, Мойынқұм аудандарында салынды. Жаңа екі қабатты әсем ғимарат 418 шаршы метрді құрайды. Бұрынғы ғимараттан екі есе үлкен. Аудан әкіміне Бас прокурор атынан ыңғайлы жер телімін бергеніне алғыс айтамын. Биыл аудандық прокуратура үшін берекелі, мерекелі жыл болды. Осындай заман талабына сай ғимаратта жұмыс істеу әр қызметкердің арманы. Мойынқұм жері  бай, елі дархан, қазақтың салт-дәстүрін сақтаған киелі жер. Қоныс тойын тойлап отырған әріптестеріме жаңа ғимарат әділдіктің, тазалықтың, адалдықтың, талапшылдықтың, туралықтың нағыз мекені болсын! Жаңа ғимарат құтты болсын!-деп сөзін түйіндеді ол.

Астаналық қонақтан кейін сөз алған аудан әкімі Болат Асқарәліұлы Мәдікенов жаңа ғимарат заңдылықтың орындалуын, Ата Заңымыздың бұрмаланбауына  жол бермейтін прокуратура органының мекені. Прокуратура қызметкерлеріне жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасап отырған Бас прокуратураға, облыстық прокуратураға алғыс айтамыз. Қоныс қуанышы ұзағынан сүйіндірсін! - деп жүрекжарды лебізін білдірді. Содан соң Бас прокурордың орынбасары Н.Исаев пен аудан әкімі Б.Мәдікенов ғимараттың лентасын қиды.

Ашылу рәсіміне қатысушылар жаңа ғимараттың ішін аралап, қызметкерлердің қызметтік бөлмелерімен танысты.

Жолдыбай Дәметов.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.