You are here

ПРОКУРАТУРА ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Юрий Пономаревтің қатысуымен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының кездесуі өтуде.

Оның жұмысына Қазақстан Бас прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері,  Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Орал федералдық округі мен Оңтүстік федералдық округтеріндегі басқармаларының басшылары, Алтай Республикасы, Калмыкия Республикасы, Астрахан, Волгоград, Курган, Новосибирск, Омск, Оренбург, Самара, Саратов, Тюмень, Челябинск облыстары, Батыс Сібір, Орал және Оңтүстік көлік прокуратураларының жетекшілері қатысуда. Форум аясында прокурорлық қадағалаудың кең ауқымды тақырыптары бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері сөз болуда. Алқалы жиында Қазақстан мен Ресей арасында кедендік шекараның болмауы себепті есірткі тасымалдаушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғаны айтылды.   «Тек былтырғы жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына есірткі тасымалдау фактілері екі есеге артты. Биыл Жайық өзені арқылы тәркіленген есірткі мөлшері былтырғы жылдан 1,5 есе асып түсті», – дейді ресейлік тарап. Ал, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың айтуынша, екі ел арасындағы қорғалмаған шекаралық аумақтар тек есірткі тасымалдаушылар ғана емес, экстремистік және террористік топтардың да қылмыстық мақсатта қолдануына жол ашып отыр. Бас прокурордың айтуынша, қазір екі елдің құқық қорғау органдарының аймақаралық қарым-қатынастарын жақсарту мәселесі әбден пісіп-жетілді. Бұдан өзге де мәселелер екі тараптың талқылауында болды.

Т.Ахметжан 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.