You are here

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас прокурор Асхат Дауылбаев Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік Кеңес төрағасы, Жоғарғы Сот төрағасы Филипп Нарминомен кездесті.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзекті мәселелер жөнінде, атап айтқанда, қылмыстылыққа қарсы күрес саласы, сондай-ақ, шарттық-құқықтық базаны кеңейту жайында сындарлы әңгіме мен пікір алмасу болды. Құқықтық салада мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелерін талқылау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Монако Князьдігі Әділет департаменті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Қазақстан Президентінің 2012 жылы Монако Князі ІІ Альбермен кездесуі барысында қабылданған Бірлескен декларацияны іске асыру мақсатында жасалды. Бірлескен декларацияның шеңберінде халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

А.Дауылбаев меморандумға қол қоюдың қазақстандық құқықтық жүйеге сенімнің артуын дәлелдейтін маңызды қадам екендігін атап көрсетті.

Тараптар атап өткендей, аталмыш оқиға Қазақстан мен Монако уәкілетті органдарының ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін, сондай-ақ, қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялануын растап отыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.