You are here

Өртенген ұшаққа қатысты тергеу басталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маусымның 16-сы күнi кешке Астанадан Ақтау әуежайына ұшып келген Scat әуе компаниясының “Боинг-737-300” ұшағы өртенiп кеттi. Абырой бол­ғанда өрт басталмай тұрып барлық жолаушылар ұшақтан шығып үлгерген, олардың жүктерi түсiрiлген. Өрт ұшаққа техникалық қызмет көрсету – оттегi баллонын толтыру кезiнде болған.

Өрт кезiнде ұшақтың алдыңғы бөлiгi – ұшқыштар кабинасы мен жолаушылар орны арасындағы бөлiгi толық өртенiп кеткен. Әйтеуiр, жалын ұшақтың қанатына жайылып үлгермептi. Әйтпегенде, шарпыған отты өшiру мүмкiн болмайтын едi.

Бас көлiк прокуратурасы ұшақтың әуежайда өртену фактiсiне қатысты тергеу бастады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.