You are here

Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының  төрағасы Бердібек Сапарбаев партияның облыстық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары жер алу, кәсіп ашу, ауыл шаруашылығымен шұғылдануға қажетті жер телімін алу жайын айтып, көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.

Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындарының бірін медицина бағытында кәсіп ашу жайы толғандырады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы комиссия құрып, ұсыныс енгізуді қала әкімі Ілияс Испановқа тапсырды. Ал Қызылжар ауылының тұрғыны ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жерге қолы жетпей жүргенін, кәсіп ашып, халықты жұмыспен қамту ісін бастау мүмкін болмай отырғанын айтып, көмек сұрады.

Қоғамдық қабылдауда жер телімін алу мәселелері де қозғалды. Қала тұрғындарының көбі кезекте тұрғанын, он жылдан астам уақыттан бері кезегінің келмегенін айтып, мәселенің мән-жайын білді. Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған облыс әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың  заңды жолдары қарастырылатынын жеткізді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46356

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.