Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облыстық прокуратурасы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көптеген миллион сомалық бұзушылықты ашты. Бұл туралы облыстық прокуратураның 1-басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратов хабарлады.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Моңғол Халық Республикасынан 26 отбасы көшіп келген-мыс. Оларға бір реттік жәрдемақы төленген-мыс. «Қарсы жүргізілген тексеріс сол 26 отбасынан бір де отбасы Қазақстан шекарасынан бері өтпегенін көрсеткен. Сол себепті облыс прокуратурасы осы дерек бойынша ҚК 177-б. 3-т. «б» тармақшасымен қылмыстық іс қозғады», - деді М. Мырзамұратов.

Алдын ала есеп бойынша шығын - 45 млн теңге. Бұл іске облыстық көші-қон департментінің басшылығы да қатысты болуы мүмкін көрінеді. Тергеумен облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы айналысып жатыр.

Дуанабай Жолдасбек

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.