You are here

НОТАРИУСТЫҢ ҚАТЕЛЕСУГЕ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Нотариустар тарапынан кететін кемшілікке кешірім болмайды. Өйткені, заңды жетік біліп, азаматтардың құжаттарын растауда құқықтық көмек көрсетуге тиіс мамандардың бұра тартуға, өз қызметін теріс пайдалануға, ісқағаздарына салғырт қарауына жол жоқ. Өздері растаған бір құжаттың өзі қаншама адамның тағдырын өзгертетінін нотариустар білуге тиіс. Жақында Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жергілікті тұрғынның  Әділет департаментіне қарсы сотқа берген талап арызын қарау барысында жеке нотариустың тарапынан нотариат туралы заңнаманың бұзылғандығын анықтады.

Нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттері, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған. Осығай байланысты аудан прокуратурасы тарапынан Алматы қаласының Әділет департаментіне жеке нотариустың лицензиясын тоқтата тұру жөнінде ұсыныс енгізілді.

Алматы қаласы Әділет департаменті жеке нотариусқа қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізіп және прокурорлық қадағалау актісін қарастыра келе заңбұзушылық деректерінің растығына көз жеткізді. Осы тексерістерге орай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2014 жылдың 10 ақпандағы бұйрығымен жеке нотариустың лицензиясының күші 1 ай мерзімге тоқтатылды.    

Автор: Гауһар КИЯЗОВА, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.