Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алға ауданында болып, жұртшылықпен кездесті.

Ауандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуге жастар, мектеп оқушылары, білім саласы мамандары, т.б. келді. Кездесуге аудан әкімі М. Абдуллин, дін істері жөніндегі облыстық басқарманың басшысы Б.Есмахан, Серікбай қажы Ораз 2015 жылғы 19 ақпанда қабылданған Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы төңірегінде жан-жақты сөз қозғады. Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге, сондай-ақ халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарастары көрсетіліп, бекітілген.

Кездесуде наиб мүфти дәстүрлі ислам мен радикалдық бағыттағы ағымдар арасындағы айырмашылық, ата-бабалар жолын ұстанудың маңызы туралы кеңірек айтты. Сонау VIII ғасырда ислам дінінің қазақ жеріне қалай келгені, қалыптасу тарихы төңірегінде де әңгіме өрбіді.

Кездесу соңында оқушылар туған жер, Отан тақырыбында өздері жазған өлеңдерді оқыды.

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45681

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.