You are here

МҮГЕДЕКТЕРГЕ КӨЗҚАРАСТЫ ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда мүгедектердің және қарттар үйлеріндегі адамдардың құқы мен мүддесін қорғау мәселелері қаралды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 610 мыңға жуық отандастарымыз мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылады. Мүгедектердің қоғам өміріне толыққанды араласуы үшін ең алдымен оларға көзқарасты өзгерту қажет. Сондықтан осындай адамдардың әлеуметтік ортаға қосылуы үшін жағдай жасау – мемлекеттің басты мақсаты.

Соңғы жылдары ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқын қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша мемлекет едәуір жұмыс атқарды. Кейінгі үш жылда ғана осы мақсаттағы шығын шамамен 20 млрд теңгені құраған. Президенттің тапсырмасы бойынша 2009 жылы осы санаттағы азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер енгізіле отырып әлеуметтік қызмет ету жүйесіне реформа басталды. Алайда мүгедектердің және қарттар үйлеріндегі адамдардың құқын қорғау мәселесі әлі де  кемшіліктерге толы күйінде қалып отыр.

Прокурорлар ашқан заңдылықтың өрескел бұзылуының фактілері, қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін адамдардың тарапынан көрсетілген адамгершілікке жатпайтын, кейде тіпті шектен шығатын қарым-қатынас осыны көрсетеді. Бюджет қаражатын ұрлау және тиімсіз пайдалану, тұрғын үй және еңбек құқықтарын, медициналық көмекке деген құқықтарын сақтамау, оңалтудың индивидуалды бағдарламаларының жоқтығы және олардың орындалмауы, мүгедектерге тиісінше күтім жасамау, оларға қол жұмсау фактілері анықталды. Жүйелі түрде жіберілген кемшіліктердің салдарынан жұмысқа қабілетті 425 мың мүгедектің 15 пайызы ғана жұмысқа орналастырылған.

Барлық анықталған фактілер бойынша ықпал ету шаралары қабылданып, нәтижесінде 7,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқы қорғалды. Тексерулердің қорытындыларына сәйкес заңдылықты бұзуды жоюға бағытталған 181 ұсыныс енгізілген. Ол бойынша 126 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі сыбайлас жемқорлық баптары бойынша жазаланды. 87 қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Залал келтіруге кінәлі 23 адам төрт миллионнан астам теңгенің орнын толтырса, оның 3 миллионы мүгедектердің пайдасына шешілді.

Бас прокуратура анықталған заңдылықтың бұзылуын жою, мүгедектерді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенін ұсынды. Атап айтқанда, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын жетілдіруге, оңалтудың индивидуалды бағдарламаларының сапасын арттыруға  бағытталған тиімді шаралар әзірлеу ұсынылды. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығу мәселесін шешу маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай ғимараттар, жолдар, көліктер және тұрғын үйлерді мүгедектердің қажеттілігіне қарай ыңғайлау қажеттілігі атап көрсетілді.Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.