You are here

Мұғалжар ауданында жат ағымдар санасын улаған 15 жасөсіпірім райынан қайтты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мұғалжар ауданында ақ-қарасын айырып алмай, діни наным-сенімге бет бұрған 105 жасөспірім бар. Олардың әрқайсысымен және ата-аналарымен жүргізілген әңгімелесулер, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 15 бала райынан қайтып, мектептегі сабағына ден қойған. Бұл туралы Қандыағаш қаласында Астанадан келген жұмыс тобының өткізген кездесуінде белгілі болды.
Осыдан бірер жыл бұрын Мұғалжар және Темір аудандарындағы мешіттерге келетін жамағаттың 90 пайызы жат ағымның жетегінде кеткендер болыпты.

Өкінішті, әрине. Дегенмен ағартушылық бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде олардың саны бүгінде 3 есеге дейін азайған. Бұл — бізге жергілікті имамдардың берген дерегі. Мұғалжарлықтармен кездескен жұмыс тобының өкілдері әлі де жат ағымдардың бүтін отбасыларды шайқалтып, жастардың миын улап жатқанын баса айтты. Мәдениет үйіндегі басқосуда жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кейбірі ұсыныс-тілектерін білдірді.
— Жат ағымды ұстанушылар ата-дәстүрге қарсы келеді. Шариғаттың заңын қолдамайды. Тура жолда жүргендерді адам құрлы көрмейді. Теологтар мен дәрігерлер бүгінде олардың екпе егуден бас тартып жатқанына алаңдаулы. Дабыл қаққан мамандар дәстүрлі емес дін өкілдерінің «не себепті?» вакцина салғызбайтынын жіті тексеріп жатыр, — дейді Астана қаласынан келген медицина ғылымдарының докторы Жанна Әубәкірова.

Жанна ЕРАЛИНА

http://aktobenews.kz/2016/10/11/mugalzhar-audanynda-zhat-agymdar-sanasyn...

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.