You are here

Мәселелердің маңыздылығына назар аударды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында осы ұйымның атқарушы хатшысы Леонид  Ермолаевпен кездесті. Кездесу барысында жоспарланып отырған жиналыстың күн тәртібі талқыланды, бұл жиын мерейтойлық болып табылады және ол ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналды.

Тараптар форум барысында талқылауға ұсынылатын мәселелердің маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, Бас Прокурор ТМД аумағында қылмыспен, терроризммен және өзге де зорлық экстремизмнің көріністерімен, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен, адам саудасымен күрес мәселелерінің өзектілігін ерекше атап өтті. Пікір алмасу барысында ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 2014-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарының орындалу мәселелері сөз болды, деп хабарлады

Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.