You are here

Маңызды мәселелерге назар аударылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД және ШЫҰ елдері прокуратуралары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Прокуратура басшылары Астанаға Шанхай ынты­мақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-отырысына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-отырысына қатысу үшін келді. Кездесуде ШЫҰ және ТМД аясында заңдылықты, қауіпсіздікті және өңірдегі тұрақтылықты сақтаудың маңызды мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы ТМД елдері прокуратураларының өзара іс-қимылын күшейтудің қажеттігін атап айтты.

Сіздер осы форматта 20 жыл­ға жуық уақыт бойы кездесулер өткізіп келесіздер, ал 15 жыл бұрын ТМД-ның халықаралық органы мәртебесіне ие болдыңыздар.  Әрбір отырыс арқылы қарым-қатынасты нығайта түстіңіздер. Сонымен қатар, 2001 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмыс істейді, ол халықаралық аренада елеулі күшке айналды. Соңғы отырыста ұйымға жаңа мүшелер қабылдау жөнінде шешім қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл орайда Қазақстан Прези­денті терроризммен және экстремизммен, сондай-ақ, трансұлттық қылмыстың өзге де түрлерімен күрес мәселелері бойынша бірлескен тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталып,  бұл сұхбат прокурорлардың өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет басшысы осындай кездесулер заң үстемдігін және ШЫҰ, ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейтуге септігін тигізеді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А.Дауылбаев Мемлекет басшысына ұйымға бақылаушы елдер – Үндістан, Ауғанстан және Беларусь ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорлары отырысының нәтижелері туралы баяндады. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.