You are here

Маман мәселесі қашан шешіледі?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Ақтөбеде теолог мамандар мен діни бірлестіктер жетекшілерімен кездесті.

Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

Жиында облысымыздағы діни ахуал төңірегінде сөз қозғалды. Осы мәселеге орай облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан, «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының директоры Асқар Сабдин, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспановтар сөз сөйледі.

Мәліметтерге сай, бүгінгі күні облысымызда 89 діни бірлестік тіркелген. Олардың басым бөлігі мешіттер болса, бұл мешіттердің барлығы да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарайды. Ақтөбе қаласында — 9, ал аудандар орталықтарында 14 мешіт жұмыс істеп тұр, олардан бөлек көптеген ауылдардың да өз мешіттері бар. Сондай-ақ, облыс бойынша 2 намазхана тіркелген.

Мешіттерді мамандармен қамтамасыз ету — әлі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр. Қазір «Ақтөбе» медресесінде 60 шәкірт білім алып жатыр, олардан бөлек, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы арқылы түрлі оқу орындарында оқып жүрген жастар да бар. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан осыны алға тартып, алдағы 3-4 жыл мерзімде маман мәселесінің шешілетінін айтты. Жиында, сондай-ақ, теріс ағымдар ықпалына түскен жастармен жұмыс, дәстүрлі исламды насихаттау бағытындағы істер, т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғалды.

 Индира ӨТЕМІС.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46273

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.