You are here

ҚЫЛМЫСТЫҢ КӨБІН КЕЛІМСЕКТЕР ЖАСАЙДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың мәліметінше, Қазақстанның бас қаласы, өкінішке қарай, қылмыс деңгейі бойынша елімізде бірінші орынды иеленеді.

Еліміздің бас қаласы Астанада стратегиялық ғимараттар мен ны­сандардың, қалалық тіршілікті қам­тамасыз етуші объектілердің және қоғамдық орындардың қауіпсіздігі күшейтілуге тиіс! Заңдылықты, құ­қықтық тәртіпті және қылмысқа қар­сы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожам­жаров осындай нұсқау берді. Оның айтуынша, елордада ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризм көріністеріне, заңсыз көші-қонға қарсы тұрудың лайықты жүйесін құру өзекті болып отыр.

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың мәліметінше, Қазақстанның бас қаласы, өкінішке қарай, қылмыс деңгейі бойынша елімізде бірінші орынды иеленеді.

 – Астана қылмыс деңгейі бойынша бірінші орын алады: 10 мың тұрғынға 441 қылмыстан келеді, – деді Бас прокурор. – Осы көрсеткішімен ол тіпті Алматы қаласы, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары секілді ірі өңірлерді басып озды. Елорда ұрлық, тонау, бұзақылық және зорлау секілді қылмыстардың өсуі бойынша көш бастады. Астанада, сонымен қатар ауыр қылмыстар санының күрт артуы бай­қалуда. Егер орташа республикалық көр­сеткіш 10% болса, қалада ол 90%-ға өсті!

А.Дауылбаев азаматтардың қауіп­сіздігінің ең маңызды сипаттамаларының бірі – қоғамдық орындарда қылмыстық қол сұғуға ұшыраудан үрейленбей, еркін сезіну мүмкіндігі болып табылатындығын айтты. «Алайда біз әлі күнге қорғауды сонша жоғарғы деңгейде кепілдендіре алмаймыз!» деп ашығын айтты Бас прокурор.

Оның ақпарынша, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстар саны еліміз бойынша 17%-ға артып отыр: «Елорда осы тұрғыдан алғанда, нашар халдегі өңірлердің қатарынан табылды. Себебі мұнда осындай қылмыстар бірден 87%-ға өсті. Бұл бүгінде республикадағы ең нашар көрсеткіштердің бірі!»

Асхат Дауылбаев Астанадағы ашылған барлық қылмыстардың жартысынан астамын сырттан келушілердің жасағанын жеткізді. Оның айтуынша, тек ресми статистика бойынша ғана Астанаға жыл сайын 50 мыңға дейін ішкі мигранттар келеді. Шын мәнінде, өмір шындығы мүлдем басқа, бұдан кем дегенде екі есе көп. «Астанадағы «Солнечная,12» көшесіндегі шағын ғана саяжай телімінде 39 адам тіркелген, оларды, кейін анық­талғанындай, қожайыны тіпті танымайды да екен» деді Бас прокурор.

Астанада көшелерде, тіпті аулалар­да бейнекамералар орнатуға қыруар ел қаржысы шығындалуда. Олардың саны «Экспо-2017» көрмесіне орай еселеп арт­тырылмақ. Алайда Бас прокурор бұ­лар­­дан келіп отырған нәтиже шамалы деген баға берді: «Бақылау жүйелерінің тиімділігі өте төмен. Тіркеу-түсіру сапасы қылмыс­кер­дің бет-жүзін байқауға немесе автокө­лік нөмірін анықтауға мүмкіндік бермейді. Ендеше, бейнекамералар көмегімен бүкіл республика бойынша барлық қылмыс­тардың тек 2,3%-ының ғана ашылғаны таңғалдырмайды. Ал Астанада, яғни осындай камералардың ең көп саны қойылған қалада олардың көмегімен барлық қылмыстардың небары 0,9%-ы ғана ашылған!» Осыған орай қаланың барлық көшелері мен адамдардың көп шоғырланатын орындарына сапалы бейнебақылау жүйесін орнату кезегін күтпес шара ретінде қолға алынбақ.

Қылмыстардың ең көп бөлігі көңіл көтеру орындарында жасалатыны жа­сырын емес. 2013 жылы елордалық ойын-сауық орындарында жасалған құқық бұзушылықтар туралы шамамен 10 мың хабар түскен. Алайда қаптап ашылып жатқан мұндай орындар «астаналық» мәртебеге жауап бермейді: «Олардың үлкен бөлігі бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылмаған, әрбір үшіншісінде күзет жоқ!»

Жиында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов түзеу меке­мелерін қала шекарасының сыртына көшіруді ұсынды. Қалабасы елордаға тұрақты тұруға келетін азаматтарды тіркеу ережелерін тәртіпке келтіруді жақтайды екен. Мысалы, Алматыда бір мекенжайға 10-15 адамнан артық тіркелуге ендігі шектеу қойылғаны мәлім.

Жиын шешіміне сәйкес, алда Ішкі істер министрлігі жүйесінде «ұрланған телефондардың IMEI-кодтарының деректер базасы» құрылуы мүмкін. Бұл мәселені «ұялы телефондар ұрлығының ашылуын арттыру үшін» зерделеу ұсы­нылды. Өйткені кәмелетке толмағандар арасында осы қылмыс өршіп тұр. Бұл ретте жастар арасындағы құқық бұзу­шылықтардың алдын алу, ұрланған мүліктерді өткізуді анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар күшейтілетін болады.

Елдос СЕНБАЙ 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.