You are here

Қылмыс жасағандар мектептерде ұстаз болып жүр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау мектептерінде ауыр қылмыс жасаған адамдар жұмыс жасап келіпті. Олардың ішінде адам өлтіруге қатысқандар  да бар. Бұл деректерді облыстық прокуратура қызметкерлері жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және денешынықтыру, білім беру ұйымдарында еңбек заңнамалары талаптарының сақталуына тексерулер кезінде анықтады.

Тексеру барысында заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар және кәмелетке толмаған­­дар­ға қатысты қылмыстары (адам өлтіргені, денсаулығына қасақа­на зиян келтіргені, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы) үшін сот­тылығы болған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық санаттағы қылмыс жасаған адамды лауазымды орынға қабылдау фактілері әшкере болып отыр.

Анықталған фактілер бойынша облыстық прокуратурамен уәкілетті органдардың атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізілді. Оның қаралу қорытындысымен еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген мекеме басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса 5 мектеп директоры, 1 бас есепші, 5 мұғалім, 4 жаттықтырушы, 10 техникалық қызметкер қызметінен босатылды.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.