You are here

Құзырлы қадағалау күшейтілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі күні  Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларына сәйкес, құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту аясында қылмыстарды жедел әрі толықтай ашу мен жазаның қолданылмай қалмауын қамтамасыз ету тәрізді қылмыстық процестің басты міндетін жүзеге асыру бойынша бірізді шаралар қабылдануда. Міне, бұл орайда қылмыстарды тіркеу мен есепке алу саласын тәртіпке келтіру және еліміздегі шынайы қылмыстық ахуалды көрсету осы жұмыстың алғашқы жемісті кезеңі болды десек артық айтқандық емес. Ал бұған нақты дәлелдер кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісінде айтылды. Онда 2013 жыл және 2014 жылдың I-ші тоқсанындағы іс жүргізу шешімін қабылдауға бағытталған қылмыстар туралы арыздар бойынша бастапқы тексеру әрекеттерінің заңдылығы мен уақыт күтпес жай-күйі туралы мәселе қаралды.

Бұл қабылданып отырған шаралардың нәтижесінде  бұрынғыдай қылмыстарды жасыру және әртүрлі статистикалық мәліметтерді бұрмалау тәжірибесі жойылуға таяды, қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ұстанымдары қайта қаралатындығы көңілге үміт отын құя түсті. Құқық қорғау жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу нәтижесінде қылмыстар туралы хабарламалар бойынша процессуалдық шешім қабылдау жеделдігі айтарлықтай артты: бүгінде осындай арыздардың 93 пайызы үш тәулік ішінде шешіледі, ал бұрын бұл көрсеткіш 60 пайыздан аспайтын.

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша бастапқы тексеру іс-шараларының сапасын арттыру мәселесінің өзектілігі, ең алдымен, қабылданғалы отырған жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен байланысты болып табылады, соған сәйкес сотқа дейінгі өндіріс қылмыс туралы арыз тір­келген сәттен басталады. Бұл орайда Бас про­курор атап өткендей, жаңа жағдайдағы жұмысқа тиімді көшу міндеті тергеу орган­дарынан өз қызметін тұтастай қайта құруды, кәсібилік деңгейді арттыруды, жауап­кершілікті күшейтуді және заңды­лықты мүлтіксіз сақтауды талап етеді.

Сонымен қатар, прокурорлық тексерулер барысында қылмыстар туралы арыздарды қабылдау мен тіркеу барысында тергеу органдары қызметкерлері тарапынан жіберілетін өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Тергеу іс-шараларын толық емес және сапасыз жүргізу деректеріне жол беру жалғасуда, шешім қабылдау мерзімдері негізсіз, формальді негіздермен ұзартылады, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы заңсыз шешімдер шығарылады, іс жүргізушілік шешімдерді оған уәкілеттілігі жоқ лауазымды тұлғалар қабылдайтын көрінеді.

Бас прокурор бастапқы процессуалдық іс-шаралар бойынша уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерін нақты регламенттеудің  маңыздылығын атап көрсетті, оны мүлтіксіз сақтау дәлелдерді жинаудың мерзімдерін және толықтығын қамтамасыз етуге және қылмысты ашуға  мүмкіндік береді. Осыған орай Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мемлекеттік қызметтер тізіліміне қылмыстар туралы арыздарды қабылдау және тіркеу бойынша бағытты енгізу туралы ұсынысы қолдау тапты, енді бұл барлық құқық қорғау органдарының осы саладағы бірыңғай регламентін әзірлеуді қажет етеді. Бұл орайда Бас прокурор Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша әрбір ведомствоның атқарып отырған іс-шараларының маңыздылығын атап өтті. Ол қылмысты тергеу және ашу жөніндегі салалық қызметтер жұмысын қайта қарау, қызметкерлердің жүктемелері мен функционалдық міндеттерін олардың мамандықтары мен аудандағы криминогендік жағдайды қатаң есепке ала отырып бөлу қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ, қылмыстар туралы арыздарды қарау барысында тергеуге тиесілі заң талаптарын бұлжытпай орындау, әрбір ведомствоның түрлі деңгейдегі бөлімшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып бөлу тапсырылды.

Ал алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі, Кедендік бақылау комитетінің басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, бейнеконференциялық байланыс арқылы – облыстардың прокурорлары, сондай-ақ аймақтық құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысып отырғандықтан прокурорларға осы саладағы қадағалауды күшейту, анықталған заң бұзушылықтарға тиісті ықпал ету, жасалған қылмыс туралы өтініштер бойынша тергеу іс-шараларын сапасыз жүргізу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту міндеттері қатаң тапсырылды.

Александр ТАСБОЛАТОВ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.