You are here

Құқық бұзушылыққа қатысты шағым көп

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қа­былдау бөлімінде ҚР Бас проку­ро­рының бірінші орынбасары Иоган Меркель еліміздің әр өңірінен келген жиырмадан астам адамды қабыл­дады.

Қазіргі нарықтық экономика жағ­дайында Қазақстанның әлеуметтік құры­лымы бұрын-соңды болмаған күр­делі өз­герістерге ұшырап отыр. Еге­мендік, тәуел­сіздік алған уақыттың ішінде рес­публиканың әлеуметтік құ­рылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фир­малардың, дү­кендердің, қонақүй­лердің, мейрам­ханалардың, т.б. жеке­меншік иелері. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті, орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүше­лерінің бұлайша жіктелуіне меншік  фор­масының өзгеруі, жалпы нарық қаты­­наста­рының орын алуы ықпал етті. Әлбетте, қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан да қарапайым адамдар әлеуметтік теңсіздікке ұшырайды. Осыдан барып наразылық шаралары туындайды.

Біз республикалық  Бас прокурорының бірінші орынбасары И. Меркельдің қа­былдауынан шыққан Жанат Ахметоваға жолығып:

– Сіз қандай шағыммен келіп едіңіз, – дедік.

– Менің жаңа туған баламды әйелдер босанатын ауруханада медбикелер басқа біреудің баласымен ауыстырып жіберген. Соған байланысты шағым айта келдім. Бар­маған, баспаған жерім жоқ. Әділеттікке жете алар емеспін. Қаны келіспейтіндігі, бәрі дәлелденіп тұр. Бірақ, бала табылмай тұр.

Өтінішпен келгендердің басым көп­шілігі сот шешімімен және Ішкі істер департаментінің қылмыстық істі қарау мә­селесімен келіспейтіндіктерін айтуда. Мәселен, Алматы қаласынан Бахета Жантуарова, Атбасар қаласынан Евгений Данченко, Шымкент қаласынан Әділхан Жа­манқараев қылмыстық істі қарау кезінде  тергеушілердің әрекетімен мүлде келіс­пей­тіндіктерін айтуға келген. Сондай-ақ, Қостанай облысы Жетіқара қаласының тұрғыны Тұрғынбек Кәкімжановтың баласын тепловоз жүргізушісі қағып, қайтыс болған. Бірақ, ол жауапқа тартылмаған. Астана қаласының тұрғыны Жеңіс Қа­напияның құрылыс компаниясының кінә­сынан баласының екі көзі көрмей қал­ған. Ол құрылыс мекемесінің заңсыз әрекетіне тиісті шара қолдануды сұрайды.

Әрбір өтініш пен арыздың артында адам тағдыры тұратындығы белгілі. Сон­дықтан бұл мәселеге жайбарақат қарауға болмайды. Осы ретте «Нұр Отан» партия­сының қоғамдық қабылдауында болып, жұртшылықпен кездескен Бас проку­рордың бірінші орынбасары И. Меркель әділеттік сұрай келгендердің бәріне заң­дылық тұрғыдан көмек көрсетіле­тіндігін жеткізді.

Автор: М. ӘЛИМАНҰЛЫ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.