You are here

ҚҰҚЫҒЫН БІЛМЕГЕНДЕР КӨРГЕН ҚЫСЫМЫН ЖАРИЯ ЕТПЕУГЕ БЕЙІМ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюды, қылмыстың алдын алуды көздейтін заңның қолданысқа енгізілгеніне де бес жылдан аса уақыт өтті. Содан бері бұл заң тұрмыста қағажу көріп, құқығы аяқасты болған жандардың заңдық мүддесін қорғауға қызмет етіп келеді.

Жалпы, статистикалық деректерге мән беретін болсақ, қоғамда зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың денін әйелдер мен балалар құрайды.  Себебі, әйел  әлсіз, балалар  қорғансыз. Және бір өкініштісі, статистикалық деректер елдегі тұрмыстық кемсітушіліктің нақты көрінісін көрсетпейді. Өйткені, көп отбасылар ішкі дауды, ер-азаматтардың әлімжеттігін сыртқа жария ете бермейді. Қанша таяқ жеп, күнкөрісі қиындаса да жарасын өзі емдеп, ішкі қыжылын көпшіліктен жасыруға бейім. 2009 жылы қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң негізінен тек әлімжеттік көрсетіліп, жәбірленуші арызданған жағдайда ғана жаза қолдануды көздейді. Мұнда адам саудасының, отбасылық күш қолданудың алдын алуға бағытталған мәселелер ескерілмеген. Осыған орай, Парламент қабырғасында талқыланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң жобасы бұл бағыттағы қылмыстың азаюына сеп болады деген сенім бар. Мұнда «отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас» ұғымы нақтыланып, соттардың шешімін әдейі қастықпен орындамай қоюға жауапкершілік енгізілмек. Әрі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, құжат бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлға мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушінің бір ғимаратта бірге тұруына тыйым салу ұсынылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаларды әлеуметтік көмек алатын қиын жағдайға тап болғандар санатына жатқызу да қарастырылып отыр. Осыған орай, алдағы уақытта Қылмыстық, Бюджет кодекстеріне және Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне, сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Десек те, бұл жерде күштік құрылымдар тарапынан бірігіп жасалған шаралардың берері көп. Өйткені, учаскелік инспекторлар, прокуратура қызметкерлері әр отбасындағы қолайсыз жағдайды бірігіп анықтауға, әлімжеттіктің алдын алуға тиіс. Әрі азаматтардың құқықтық сауатын жетілдіріп, заңды түсіндіруде құзырлы орындардың көмегі зор.

Автор: Нұрсұлтан ӘУЕЗХАНОВ

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.