You are here

КУӘГЕРГЕ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛЕДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматыда өтіп жатқан «Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі және қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция бүгін аяқталады.

Қазақстан Бас прокуратурасы, Конституциялық кеңес, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың ұйымдастыруымен Алматыда өтіп жатқан «Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі және қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция бүгін аяқталады.

Конференция жұмысына Конституциялық кеңестің төрағасы И.Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Парламент депутаттары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбеков, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А.Шәкіров, Әділет министрі Б.Имашев, Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, сондай-ақ Еуропалық Кеңестің Венециандық комиссиясының, халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдар қатысуда.

Екі күндік халықаралық конференция барысында құқықтық тетіктерді жетілдіру мәселелері бойынша белсенді пікірталастар болды. Қылмыстық процесті оңайлату және оның тиімділігін арттыруға бағытталған Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдірудің маңызды қырлары жан-жақты талқыланды.

Талқылау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қылмыстық іс бойынша айғақтарды жинауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізу, қылмыстық іс жүргізуге медиация рәсімін енгізу, қылмыстық іс жүргізуге тергеу судьясы тұлғасын енгізу мәселелерімен байланысты проблемалар қызу пікірталас туғызды.

– Қазіргі кезде Қылмыстық процессуалдық кодекстің жаңадан жасалған жобасы біздің Парламенттің төменгі палатасында қызу талқыланып жатыр, – деді жиында сөйлеген сөзінде Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель, – бұл процеске мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар мен заңгер-ғалымдар атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін Мәжілістің жұмыс тобына Жоба бойынша 800 депутаттық өзгерістер енгізілді. Конференцияға қатысушылардың пікірлерін білу үшін солардың кейбіреулерін айта кетейін. Біріншіден, қылмыстық құқықбұзушылық туралы хабарды Бірыңғай тізімге енгізгеннен және арызды берген уақыттан бастап сотқа дейінгі тергеудің басталуы көптеген сұрақтар туғызуда, негізінен бұл экономикалық қылмыстарға қатысты. Бұл кәсіпкерлік саласында жоспардан тыс тексерістердің санын көбейтеді деген қауіп бар, өйткені Бірыңғай тізімге тіркеу фактінің өзі қылмыстық сот өндірісінің басталғанын көрсетеді. Азаматтардың негізсіз қылмыстық қудаланудан конституциялық құқығын қорғау мақсатында, Қылмыстық процессуалдық кодекс жобасы бойынша тіркеу алдында арыз беруші жалған шағымы үшін қылмыстық жазаға тартылатыны ескертіледі. Бұл ретте жарылғыш заттардың қойылуы туралы хабарламадан басқа анонимдік хабарлар тіркелмейді. Шағымда қылмыстық құқық бұзды деп аты-жөні көрсетілген тұлға бірден қорғаушы алу және алғашқы тергеуге дейін адвокат алу құқығына ие болады.

Екіншіден, қылмыстық кодекстегі медиация процедурасын анықтаңқырап регламенттеу туралы мәселе талқылануда. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық кодекстердің жобасында медиацияны және татуластыру процедураларын қолдану үшін құқықтық негіздер қарастырылған. Жобада жәбірленушінің алдынан өтіп, келтірген залалдың орынын толтырып, татуласқан тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босату қарастырылып отыр.

Үшіншіден, қылмыстық процесте «қорғауға құқығы бар куәгер» деген жаңа фигураның пайда болуы да бірқатар мәселе туғызуда. Жоба бойынша «қорғауға құқығы бар куәгер» дегеніміз – басқа тұлғалар оны «қылмыс жасады» деп көрсеткен, бірақ тергеу органы оны «күдікті» деп танымаған тұлғалар, болып табылады. Бұл мәртебе оған басқа куәгерлерге қарағанда бірқатар артықшылықтар береді. Мәселен, күдік келтірілген тұлға сияқты онда да жауап беруден бас тарту, алғашқы тергеуге дейін адвокат алуға, өзін көрсеткен адаммен бетпе-бет жүздесуді талап етуге құқығы болады.

Төртіншіден, депутаттардың бір бөлігі заңсыз жолмен келген мүлікті үкім шыққанға дейін тәркілеу туралы Қылмыстық процессуалдық кодекс жобасындағы ереженің негізі сенімсіздік тудыратынын айтып жатыр. Бұл БҰҰ конвенциясының коррупцияға қарсы ережесімен, қылмыстық табыстарды және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету бойынша Еуразиялық топтың келісіміне байланысты. Біз қылмыстық жауапқа тарту мүмкін емес, шетелдерде қашып жүрген тұлғалардың мүліктерін соттың айыптау үкімінсіз тәркілеудің заңды мүмкіндігін қарастыратын міндетті көздеп отырмыз. Сотқа мүліктің қылмыстық жолмен келгенін, тәркілеуге жататыны туралы дәлел ұсынылады. Дәлелдерді қарап сот тәркілеу жөнінде шешім шығарады. Осындай мәселелер талқылаудан қазір өтіп жатыр, — деп И.Меркель жаңа жобадағы бірнеше олқы тұстарды атап өтті.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.