You are here

Кәсіпкерлерге қолдау көбейеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға облысқа келген топ құрамында  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов өңірде бизнес өкілдерімен кездесуде.

Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, бизнеске жол ашу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отырғаны белгілі. Елбасы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Бұл ретте жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету белгіленді.

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов жас кәсіпкерлермен кездесіп, осы мәселені тереңдетіп өрбітті. Ол Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамытуға арналған 10 басым қадамды айқындағанын атап көрсетіп, талдау жасады.

Ең алдымен шағын несиелендіру шағын және орта бизнес үшін ең жылдам әрі тиімді құрал екендігіне тоқталған Мұрат Әбенов бұл жолдағы кедергілерді жою мүмкіндіктеріне тоқталды. Ол ауылдағы кәсіпкерлер үшін кепілдікті қамтамасыз ету қиындығы, қажетті құжаттардың көп болуы және жобаға қолдау көрсетудің жоқтығы сынды мәселерді қозғады.

— Біз Ақтөбе өңіріне «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша келіп, жұмыс істеп жатырмыз, — деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, — мен Темір, Хромтау аудандарындағы жұртшылықпен кездесу барысында кәсіпкерлердің белсенділігін байқадым. Бұл — өте жақсы құбылыс. Олар ойларын ашық айтуда, біз көптеген ұсыныстарды, ой-пікірлерді тыңдадық. Осы жылдың басында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке инвестицияларды тарту  және жергілікті бюджет қаражатының есебінен сынама жобамен бес облыс бойынша шағын несиелендіруге кірісті. Олардың қатарында Ақтөбе облысы да бар.

Жиналған кәсіпкерлерге түсінік берілгеніндей, шағын несиелеу тәсілдерінің артықшылығы — кепілдік беру бойынша икемділік, кепілдікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді оқытудан бастап оларды жүзеге асыруға дейін бизнес-жобаларды қолдау, кооперация мүмкіндіктері және тікелей сату болып табылады. Шағын несиелер 15 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық мөлшері 6%, салалық шектеулерсіз 5 жылға беріледі. Сондай-ақ шағын несиені алу үшін кәсіпкер бар-жоғы бес-алты құжат тапсыруы тиіс.

Палата қолға алып отырған шаруалар қатарында кәсіпкерлікке оқыту, ауыл шаруашылығы кооперациясының басымдылығына ұмтылу,  жергілікті қамту, адал кәсіпкерлердің құқығын қорғау секілді маңызды мәселелер бар.

Бүгінгі күні кәсіпкерлерді ретсіз тексеру жайы көп сөз болуда. Республика бойынша бизнес иелерін 61 мекеме тексереді екен, ал олардың тарапынан қойылатын талаптар саны мыңдап саналады. Міне, кәсіпкерлер палатасы тарапынан осыларды ықшамдауға ықпал ету саясаты ұсталуда.

Мұрат Әбенов кездесуде жас кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді, кейбір мәселелер бойынша өзара пікір алысты.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=45959

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.