You are here

КӘСІБИ МАМАНДАР ҚАДАҒАЛАУШЫ ОРГАННЫҢ БЕДЕЛІН КӨТЕРЕДІ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың қатысуымен прокуратура органдары жас мамандарының кәсіби деңгейін арттыруды көздеген бірінші республикалық курс ашылды.

Бас прокурор атап өткендей, құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру кезінде  тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру және нығайту маңызды болып табылады.Прокурорлық қадағалаудың тиімділігі, азаматтардың сенім деңгейі қызметкерлердің кәсібилігіне және құзыреттілігіне, олардың іскерлік және моральдік қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңызға ие.

Жас прокурорларға арнап сөз сөйлеген А.Дауылбаев мамандарды әрдайым талап деңгейінен шығуға, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді.

Екі апталық курс барысында тыңдаушылар алдында Бас прокуратураның департамент басшылары, өңірлік прокурорлар сөз сөйлеп, қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, оқыту бағдарламасында шешендік өнер, көшбасшылық қасиеттер, заңгерлік хаттардың техникасы тәрізді қажетті қосымша дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы сабақтар, стресс тұрақтылығы бойынша тренингтер өткізу жоспарланған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.