Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстері қаралды

Өскеменде Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтті.

«Алтай» технопаркінде өткен жиынға еліміз Бас прокурорының бірінші орынбасары И.Меркель, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш, Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Жақыпов, Әділет министрінің орынбасары З.Баймолдина және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік әріптестер ретінде IRZ жобаларының менеджері А.Вукер мен Германияның Дрезден және Гамбург қалалары прокуратураларының қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелері қаралды. Отырысты ашқан комитет төрағасы Серік Ақылбай 2014 жылы қабылданған жаңа кодекстер жеке адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту, әділетті сот өндірісі мен құқықтық жауаптылық шараларын қамтамасыз ету мақсатында әзірленгенін атап өтті. Аталған кодекстер арқылы қылмыстық жазаны тағайындау барысындағы қадамдар өзгертіліп, бітістіру рәсімдері, жолын кесудің балама шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сондай-ақ, қылмыстық істі қозғау сатысынан бастап адам құқықтарын қорғау үдерісінде озық тетіктер енгізілді. Жаңа Қылмыстық-атқару кодексімен сотталғандарды түзелу дәрежесіне байланыс­ты ұстау жағдайын нақты жіктеу белгіленді. Сотталғандардың негізгі құқықтары мен мекеме әкімшілігінің міндеттері алғаш рет кодекс деңгейінде бекітілді, деді С.Ақылбай.

Сондай-ақ, ол басталған реформалардың іс жүзінде дұрыстығын атап өтті. Жаңарған қылмыстық заңнама жағдайында тергеу және сот органдарына ауыртпалықты елеулі түрде азайтатын, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа құқықтық және процестік инс­титуттар нәтижелі жұмыс істеп келеді. Яғни, қабылданған өзгерістер демократиялық, құқықтық мемлекеттер сипаттарына жауап беретін қылмыстық жүйені қалыптастыруға бағытталған, деді сенатор.

Жиында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, облыстық сот төрағасы Досжан Әміров, облыс прокуроры Бағбан Тәйімбетов, облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев баяндама жасады. Олар қылмыстық сот өндірісі, процестік келісім, бес буынды сот жүйесінен үш буынға көшу аясында және басқа мәселелер жөніндегі тергеу судьясының, процесс прокурорының рөлін талқылауға назар аударды. Сондай-ақ, аталған салалар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.

Әрине, жаңадан енгізілген жаңалықтарды бірлесе талқылау құқық қорғау тәжірибесінде жинақталған нәтижелерді шынайы талдауға, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындауға, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландыруға, оның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.