You are here

ҚОРЫТЫНДЫ КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуроры Ғ.Тоғызбаевтың төрағалығымен облыстық прокуратура органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, жиында биылғы жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындалды.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында прокурорлардың араласуымен әлеуметтік-экономикалық саладағы 12 мыңнан астам заңбұзушылықтың алды алынып, 277 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды. 1639 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылып, 22 қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде барлығы 20 мыңнан астам адамның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде бес мыңға жуығы кәмелет жасына толмағандар.

2012 жылдың қарашасынан 2013 жылдың қаңтарына дейін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалымен газ бағасына негізсіз түзету коэффицентін қолдану фактісі анықталып, 25 723 тұтынушыдан артық алынған 7 059 951 теңге қайта есептеліп, құқықтары қорғалды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуын алдын алу мақсатында тиісті шаралар алынып, «Атырау Балық» АҚ-ның 465 адамның 30,8 млн теңге, «АСД» ЖШС-мен 116 жұмысшы алдындағы 17,7 млн теңге, сондай-ақ, «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС-мен 522 қызметкердің 55,6 млн теңге, барлығы 91,7 млн теңге еңбекақының төленіп, өңірдегі еңбек жалақысы бойынша қарыздардың толығымен өтелуі қамтамасыз етілді.

Жер қатынастары саласында қолданыстағы заңнаманың және мемлекет мүддесінің сақталуы қамтамасыз етіліп, прокурорлық қадағалау актілерімен кадастрлық құны 561 793 624 теңге, жалпы алаңы 9194,3 га болатын 34 жер учаскесі сотпен мемлекет меншігіне қайтарылып, орындалған. Соттарда 45 жер учаскесіне қатысты талап арыздар қаралу сатысында.

Кәсіпкерлікті қорғау бағытында облыстық прокуратурамен Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аумақтық филиалымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде меморандум жасақталып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында прокурор бөлмесі ашылып, аптасына бір рет қабылдау өткізу қолға алынған. Соның нәтижесінде 25 кәсіпкер қабылданып, 6 арыз қанағаттандырылды.

Аталған есептік мерзім ішінде облыс бойынша тіркелген қылмыс саны 4292-ден 4013-ке дейін, яғни, 6,5 пайызға, оның ішінде онша ауыр емес санатындағы – 18,0 пайызға, орташа ауырлықтағы – 0,5 пайызға, ауыр санаттағы – 23,3 пайызға, аса ауыр санаттағы 40,0 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, прокурорлар заңсыз ұсталған 11 азаматты қамаудан босатты.

Прокуратураның наразылық енгізуі бойынша 54 үкім заңға сәйкестендіріліп, оның ішінде 45 сотталған адамның жағдайы жеңілдетілді. Сондай-ақ, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне енгізілген 21 наразылық қанағаттандырылды.

Облыс прокурорының өкімімен құрылған мобилдік топ «БТА Банк» АҚ-ның, «ВалютТранзитБанк» АҚ-ның тарату комиссиясының пайдасына және еңбекақы өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің 12 автокөлігін ұстап, сауда-саттыққа шығару мақсатында бағалауға жолданды. Аталған атқарушылық іс жүргізулердің орындалуын қадағалау нәтижесінде мемлекет пайдасына 70 млн теңгеден астам берешек өндірілді.

Алқа қорытындысымен тиісті шешім қабылданып, оның орындалуы алдағы уақытта бақылауға алынатын болды.

Қ.Қуатова, «Заң газеті» Атырау 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.