You are here

Қоршаған ортаның қорғалуы қатаң қадағалауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысында заңдылықты қадағалау мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Үстіміздегі жылдың өзінде атқарылған шаралар өңірдегі заңдылықты қырағылықпен қадағалайтын облыстық прокуратура органдарының межелі жетістіктерге жеткендігін көрсетіп отыр. Десек те, осы мәліметтердің өзі, бір жағынан, Атырау облысында атқарылар жұмыстардың әлі де көп екендігін меңзейді.

Қоршаған ортаны қорғау өңірде бүгінде өткір тұрған өзекті мәселе. Облыс аймағындағы мұнай-газ өнеркәсібі саласының кейбір ірі-ірі кәсіпорындары да, қарапайым браконьерлік те қоршаған ортаға зиянын тигізіп келеді. Осы бағыттағы заңдылықтарды қадағалауға қатысты атқарылып жатқан шаралар да баршылық. Айталық, табиғатты қорғау заңдылығын бұзғаны және салықтық міндеттемелерді орындамағаны үшін кен орындарын пайдаланушы кәсіпорындардан («НКОК» және «ТШО» компаниялары) қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссия жасағандары үшін салық органдары мемлекет пайдасына 1,8 млрд тенге көлемінде төлем өндірген.

Каспий қайраңында мұнай-газ өндіру жұмыстарымен айналысып жүрген «НКОК» (Аджип) компаниясынан 5,5 млрд теңге, «КазМұнайГаз БӨ» АҚ-нан ілеспе газды жағып, қоршаған ортаға тигізген зияны үшін 31 млн теңге айыппұл өндірілді.

Жайық-Каспий жағалауындағы белең алған браконьерлікпен күрес те тұрақты қадағалаудан тыс қалған емес. Бір кездері балық өнеркәсібі еліміздің ауыл шаруашылығында басты салалардың бірі болды, тіпті, оның бөле-жара министрлігі де болғаны есте. Ал, «Атыраубалық» АҚ осы саланың белді кәсіпорындарының біріне айналған еді. Қазір оның аты өшті, балық құруға жақын қалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қараусыз қалған саланың негізгі қорлары браконьерлердің қолында кеткен. Қазірдің өзінде браконьерлер заманауи техника мен байланыс құралдарына ие. «Байда» деп аталатын кемелеріне екі-үш шетелдік үздік моторларды қойып алып, өздерінің заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып жүргені бар. Олардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылып жатқанына қарамастан, браконьерлердің кесірінен балықтың көзі жойылып барады. Ендігі мақсат сол қолдағы барды шашауын шығармай, көбейту, өрістету. Бұған браконьерлік мейлінше кедергілерін келтіріп келеді. Дегенмен, облыстық прокуратура органдары нақты тосқауыл қоя білуде.

Үстіміздегі жылы құқық қорғау және өкілетті орган өкілдерімен заңдылықты бұзудың 1090 фактісі анықталып, 973 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 317 (117- ҚР ҚК .196, 63 бабы бойынша –ҚР ҚК 335-бабы бойынша, 137- ҚР ҚК 339-бабы бойынша) қылмыс анықталып отыр. Бұл қылмыстар балық саудасының заңсыз айналымы мен балық қорларын заңсыз аулауға қатысты екенін айта кету керек.

Республиканың Бас прокуратурасы Атырау облыстық прокуратурасының Каспий теңізінің солтүстігіндегі жүзу құралдарын пайдалануға қадағалауды күшейтуге қатысты өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысын қолдады. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасын таба беретіні күмәнсіз.

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Мемлекет басшысы қойған талаптарға сай және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры шығарған бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарына орай, Атырау облысының прокуратурасы үстіміздегі жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық салада 262 ( 2014 жылдың 9 айында -436) тексеру өткізіп, 5 874 (15 155) заң бұзушылықты анықтаған, 568 (1 702) ұйғарым шығарылған, 345 (480) заңдарға түсініктер берілген, 228 (344) қарсы шағым қанағаттандырылып, солардың нәтижесінде 647 (881) актінің күші жойылып немесе өзгертілген. Тексеру материалдарының негізінде 65 (29) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Прокурорлық әрекет ету шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке 886 (1 048) тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 761 (1 063) азамат тартылған. Мемлекетке 7 871 680 901 (4 638 632 718) теңге көлемінде пайда өнідірілді. Оның ішінде мемлекет пайдасына 7765932580 (4 256 150 897) теңге өндірілсе, 1 163 862 275 (568 759 870) теңге сомасындағы мүлік те мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде 16 611 (23 429) азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары қорғалыпты. Олардың ішінде 15 068 (2 484) кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары және 929 (2066) еңбек құқығы қорғалған.

Айталық, Атырау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі бөлімін мүгедек балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша тексеру кезінде 400 мың теңге көлемінде 130 ата-анаға және балалардың заңды өкілдеріне жәрдемақылар төленбегені анықталды. Атырау қаласы прокурорының ұйғарымымен өтемақы толықтай төленді.

Алынған шаралардың негізінде 388 жұмысшының 94,3 млн теңге көлемінде жалақы жөніндегі алашағы өндірілді («Тобереаралойл», «Гюрал», «КаспианБильд Групп», «Соут Вест Групп Корпорейшн» ЖШС және «Каспий Балык» ШҚ).

Облыстың Тәртіптік кеңесі 20 лауазым иесіне қатысты прокуратура берген 12 ұйғарымды қарады. Үш істің сотқа дейінгі тергеуі жүргізілуде, 2 лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, үстіміздегі жылдың 7 тамызында Атырау облысы Құрманғазы ауданы сотының үкімімен осы ауданның Қошалақ негізгі мектебінің директоры және бас есепшісі ҚР ҚК-нің 176-бабымен үш жылға шартты мерзімге сотталған болатын.

Заңдылықты қадағалау бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың тұрғын үй және мүліктік құқығын қорғау мәселесінде де нәтижелі жұмыстар атқарылғанын айта кету керек.

Әрекет ету актілері бойынша үйде білім алатын мүгедек балаларға 1 354 659 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленді. Ол нақты 163 мүгедек балаға төленгенін еске салған жөн. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 19 млн теңге көлемінде алимент өндіру үшін шаралар қолданылып, 78 адам тәртіптік жауапкершілікке, 87 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 402 баланың бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мәселесі бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Алынған шаралардың нәтижесінде әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі 55,9 пайызды (2 406 353 544 теңгеден 1 345 881 102 теңге өндірілді) құрап отыр.

Жалған кәсіпкерлікпен күрес бағытында да айтарлықтай нәтижелер бар. Мысалы, прокуратураның талаптары бойынша сотпенен 19 кәсіпорынның тіркелуі күшін жойса, 5 факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және жалған кәсіпорындардан 1,6 млрд теңге қосымша қаржыны өндіру жөнінде салық органдарына ұйғарым беріліп, бюджетке 24 млн теңге өндірілді.

Сонымен қатар, мемлекет мүдделерін қорғау мемлекеттік сатып алулар заңдылықтарында да жүзеге асуда. Алынған шаралардың нәтижесінде 640 млн теңгеден астам бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың жолы кесілген. 284 млн теңгенің сомасына есептелген су тазарту қондырғысының құрылысына есептелген конкурстың қорытындысына тыйым салынды. 198 млн теңге көлеміндегі «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша алынған міндеттердің орындалуы жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорындағы қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына жүргізілген мониторингтің нәтижесінде «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың қойылған талаптарға сәйкес келмейтін кәсіпорындарды заңсыз түрде қаржыландыруға (156 млн теңге) ықпал етуіне тыйым салынды. Прокуратура актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлердің жер телімдеріне қатысты 270 арыз-шағымы қаралып, оң шешімін тапты. Кінәлі азаматтар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңдылық қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, игерілмеген жер телімдерін мемлекет меншігіне кері қайтару мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Прокурорлық актілердің негізінде мемлекет меншігіне жалпы көлемі 40,5 га болатын, кадастрлық құны 1146688472 теңгені құрайтын 22 жер телімі қайтарылды.

Қазіргі уақытта жалпы көлемі 70 гектар болатын 45 пайдаланылмаған жер телімі анықталып отыр. Олардың кадастрлық құны 1 300 244 80 теңге шамасында болып отыр.

Сонымен, Атырау облысы прокуратура қызметкерлерінің сендіруінше, заңдылықтар мен тәртіптің күшейтілуіне бағытталған негізгі мәселелерді назардан тыс қалдырмай, басым бағыттар бойынша жұмыстар атқарыла бермек. Әсіресе, өңірдің өзіндік проблемаларына қатысты заңдылықты қадағалау әлі де күшейтіле түспек.

Қаршыға КӨШЕКОВ

Атырау облысы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.